Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Мемлекеттік бақылау

Мемлекеттік аттестаттау ережесіне түсініктеме

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аттестаттау барысында білім беру қызметтерінің жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі анықталуына байланысты Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінің (бұдан әрі - Ереже) бұрыңғы редакциясындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы заңнамаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету ережесі Ереженің жаңа редакциясынан алынып тасталды.

Ереженің жаңа редакциясында білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау кезеңдері келтірілген.Аталған Ережеде білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізу мерзімі жеті жұмыс күніне дейін қысқартылды.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Ереженің жаңа редакциясында білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің сапасы үшін білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының жауапкершілігі анықталды.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының филиалдары қызметінің шектелуіне байланысты Ереженің бұрынғы редакциясындағы білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі алынып тасталды.Ереженің жаңа редакциясында білім беру ұйымдарын «аттестаттау» немесе «аттестаттамау» шешімін қабылдау құқығы тиісті атқарушы органдардың құзырына жатады. Бұрынғы редакцияда білім беру  ұйымдарын аттестаттау туралы соңғы шешімді аттестаттау комиссиялары қабылдаған.

Тізіміне оралу