Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Мемлекеттік бақылау

Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12777 болып тіркелді

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының(link is external) 3-тармағына және 143-бабының(link is external) 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға(link is external) сәйкес білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға(link is external) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға(link is external) сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға(link is external) сәйкес негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға(link is external) сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға(link is external) сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға(link is external) сәйкес орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға(link is external) сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға(link is external) сәйкес білім басқару органдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға(link is external) сәйкес қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 479 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының № 583 бірлескен бұйрығының(link is external) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11994 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қырқүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді ресми жариялауға жіберуді; 
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаевқа жүктелсін. 
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасыны
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
_____________Т. Балықбаев
2015 жылғы 31 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_____________ М. Құсайынов
2015 жылғы 31 желтоқсан
Қолданбаны жүктеңіз (критерии системы оценки рисков.pdf - 347.58Кб)
Тізіміне оралу