Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми ұйымдарының басшыларына









ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі -Комитет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 Қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  Министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 22) тармақшасын басшылыққа ала отырып ЖОО-лардан және ғылыми мекемелерден Комитеттің Сараптау кеңестеріне (ғылым салалары бойынша) кандидатуралар бойынша ұсыныс қабылдайтыны  (қосымша үлгі бойынша) туралы хабарлайды. Ұсыныстарды қосымшадағы үлгіге сәйкес 2016 жылғы 31 желтоқсанына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

Ұсынылған кандидатураларды іріктеу Комитет өз құзырында қалтырады.

 Қосымша: 2 парақта.

Төраға орынбасары                                                 Л. Бөлебаева 

Ғылым салалары бойынша сараптау кеңестері

  1. Математика және информатика бойынша сараптау кеңесі
  2. Физика және энергетика бойынша сараптау кеңесі
  3. Химия ғылымдары және экология бойынша сараптау кеңесі
  4. Биология ғылымдары бойынша сараптау кеңесі
  5. Жер туралы ғылым бойынша сараптау кеңесі
  6. Металлургия, химиялық және тамақ технологиясы бойынша сараптау кеңесі
  7. Механика және машина жасау ғылымдары бойынша сараптау кеңесі
  8. Құрылыс және көлік бойынша сараптау кеңесі
  9. Медицина ғылымдары бойынша сараптау кеңесі
  10.  Қоғамдық денсаулық сақтау ғылымдары бойынша  сараптау кеңесі
  11.  Ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік ғылымдары бойынша сараптау кеңесі
  12.  Педагогика және психология бойынша сараптау кеңесі
  13.  Тарих ғылымдары бойынша сараптау кеңесі
  14.  Филология ғылымдары және