Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Бос орындар

Конкурс туралы хабарлама (20.01.2015 ж.)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-22-14, 74-23-78, электрондық мекенжай: Moldir.Tilegenova@edu.gov.kz(link sends e-mail), бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Талдамалық жұмыс басқармасының басшысы (негізгі қызметшінің оқу демалысы кезеңіне), С-3 санаты, (№13-7-1)

Қызметтік міндеттері: Комитет қызметін талдау және мониторинг жасауын  ұйымдастыру; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын өңдеуді ұйымдастыру: білім және ғылымның дамуының стратегиялық жоспарларын, Комитет пен Департамент құзырына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалары; білім және ғылым саласындағы стратегиялық және орташа шұғыл жоспарларға ұсыныстар қалыптастыру бойынша қызметін үйлестіру; білім мен ғылымды бақылау саласын болжау және дамыту бойынша ақпараттық-талдамалық  материалдарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық не педагогикалық не гуманитарлық не заңгерлік не техникалық білім. 

Тізіміне оралу