Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Бос орындар

Конкурс туралы хабарлама (04.03.2015 ж.)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-22-14, 74-23-78, электрондық мекенжай: Moldir.Tilegenova@edu.gov.kz(link sends e-mail), бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының сарапшысы, С-5 санаты

Қызметтік міндеттері: Басқармада іс жүргізумен айналысу; кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу; Комитеттің негізгі қызметі бойынша бұйрықтарын тіркеу журналын жүргізу; Комитеттің істер номенклатурасын және ведомстволық мұрағатын жүргізу; Комитеттің поштасын жіберу және қабылдау, жолданған хат-хабарлар бойынша аванстық есептілік жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық не гуманитарлық не заңгерлік не техникалық не экономикалық білім. 

Тізіміне оралу