Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Бос орындар

Конкурс туралы хабарлама (17.06.2015 ж.)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-22-14, 74-23-78, электрондық мекенжай: Moldir.Tilegenova@edu.gov.kz(link sends e-mail), бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, С-О-1 санат

Қызметтік міндеттері: Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметіне басшылық ету; өңірде оқу-тәрбие үрдісінің сапасына мониторинг жүргізу және талдау жұмыстарын үйлестіру; білімнің сапасына мониторинг жүргізу және талдаудың негізінде оқытудың мазмұны мен технологияларын жетілдіру; білімнің сапасын сырттай бағалау рәсімін ұйымдастыру және жүргізу; жергілікті атқарушы органдармен білім саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асыру заңдылығының сақталуын бақылау; Департамент құзыретіне жататын мемлекеттік және мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзараәрекеттесуді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық не заңгерлік білім. 

Тізіміне оралу