Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Бос орындар

Конкурс туралы хабарлама (03.11.2015 ж.)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-22-14, 74-23-78, электрондық мекенжай: Moldir.Tilegenova@edu.gov.kz(link sends e-mail), бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Білім саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, 2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік – 2017 жылдың 6 тамызына дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне).

Қызметтік міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттардың жобасын дайындау және жетілдіру; білім беру ұйымдарының білім беру қызметін ҚР білім туралы заңнамасы мен білім беру қызметін лицензиялау ережелерінің сақталуына тексеруді ұйымдастыру және өткізу; білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды жүзеге асыру; білім беру ұйымдарын тексеру және мемлекеттік аттестаттаудан өткізу материалдарына талдау жасау; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің құжаттарын сараптамадан өткізу және аккредиттеуден өткізу; комиссия төрағасы ретінде білім беру ұйымдарын тексеру және мемлекеттік аттестаттау бойынша комиссия жұмысына қатысу; білім беру ұйымдарын тексеру; тексеру және мемлекеттік аттестаттау нәтижелерінің қорытындысы бойынша бұйрықтар мен қаулы жобаларын дайындау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру; әкімшілік істерді соттарға дайындап жіберу; сот процестеріне қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық немесе экономикалық, немесе заңгерлік, немесе гуманитарлық, немесе техникалық, немесе медициналық білім. 

Тізіміне оралу