Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Бос орындар

Конкурс туралы хабарлама (14.12.2015 ж.)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-23-78, электрондық мекенжай: Moldir.Tilegenova@edu.gov.kz(link sends e-mail), бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының  сарапшысы, С-5 санаты, (№ 13-4-6)

Қызметтік міндеттері: Әдістемелік құжаттардың жобасын әзірлеуге қатысу; жетекшілігіндегі мәселелер бойынша жинақтық статистикалық есепті жинау, өңдеу, талдау және дайындау; басқарма құзыреті шегінде  аумақтық органдармен (департаменттермен) қарым-қатынасты қамтамасыз ету; басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеуге және оның қызметі туралы есеп дайындауға қатысу; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

2. Талдамалық жұмыс басқармасының  сарапшысы, С-5 санаты, (№13-7-4)

Қызметтік міндеттері: Комитет пен оның аумақтық органдарының қызметі туралы жинақтық статистикалық  есептерді жинау, өңдеу, талдау және дайындау; Комитет пен басқарма қызметі бойынша және есептемелердің механизмін жетілдіру мен іс-шаралардың орындалуын бақылау бойынша есептерін дайындау; Комитеттің интернет-ресурсына материал немесе ақпарат орналастыру, ақпаратты жаңарту; құзыреті шегінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу; Комитет қызметінің аясында слайдтар мен баяндамалар дайындауға қатысу.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Құқық» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім

Тізіміне оралу