Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Бос орындар

Конкурс туралы хабарлама (21.12.2015 ж.)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-23-78, электрондық мекенжай: Moldir.Tilegenova@edu.gov.kz(link sends e-mail), бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Аумақтық органдардың қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 2016 жылғы  23 қыркүйекке дейін), С-4 санаты, (№ 13-9-3)

 Қызметтік міндеттері: Білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша аумақтық департаменттердің қызметін ұйымдастыруға қатысу; басқарманың құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілер жобасын даярлау; білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бақылау мен реттеу жүйесін жүзеге асыру және жетілдіру мәселелері бойынша Департаменттермен өзара әрекеттесу және олардың қызметін үйлестіру; Департаменттер қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды даярлау; Департаменттердің білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылаудың механизмдері мен нысанын дамыту жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу; аумақтық органдардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша семинарларды, жиналыстарды және басқа да шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу; Комитеттің аумақтық органдарының қызметін жетілдіру және өз құзыреті шегінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу;.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Құқық» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

Тізіміне оралу