Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Басшылық туралы

Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы

Төраға

Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы 1978 жылдың
12 мамырында туылған.

Еңбек жолын 1998жылы Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы университеттің «Қазахстан тарихы» кафедрасының оқытушысы болып бастап, осы аталған университетте деканның орынбасары.

2004 – 2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында ғылыми хатшы, тарих факультетінің деканы, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы.

2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, Мәдениет және ақпарат министрлігінде сарапшы,ақпарат басқармасының басшысы, байланыс және ақпарат министрлігінде .

2010 – 2018 жылдары Білім және ғылым министрлігінде басқарма бастығы, Министрдің кеңесшісі, директордың орынбасары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.

2018 жылғы сәуір – 2019 жылдың қаңтар аралығында – «ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы» ММ директорының орынбасары.

2019 жылғы қаңтар – 2019 жылдың тамыз аралығында – сектор меңгеруші, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің инспекторы.

2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төраға қызметін атқарады.

40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы.

«Жас талантты ғалым, Мемлекеттік ғылыми степендиясының иегері» (2004 – 2006 жж.).

2007 жылы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы.

2006 жылы Ақтөбе облысы әкімінің – «Жас талантты ғалым» грантының иегері.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, 25 жылдығы, Астананың 20 жылдық мерей тойлық медальдары, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, ведомстволық наградасымен марапатталған.

Тізіміне оралу