Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Басшылық туралы

Арғынғазин Ғалым Арғынғазыұлы

төрағаның орынбасары

Арғынғазин Ғалым Арғынғазыұлы 1987 жылы 14 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін саясаттану, экономика және бизнес мамандықтары бойынша тәмамдаған. Саясаттану магистрі. Омбы мемлекеттік университетінің аспиранты.

Еңбек жолын 2008 жылы Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері ретінде бастаған.

2010 жылдан бастап Қарағанды қаласы әкімдігінің құрылымдарында жұмыс атқарған.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қарағанды қаласы әкімдігінде Әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінің басшысы болған.

2014 жылдан 2017 жылға дейін жеке ұйымның директоры болды.

2015 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс, Қоғамдық-саяси жағдайлар мониторингі басқармаларының басшысы болған.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтында аға оқытушысы қызметін қоса атқарды.

2019 жылғы 5 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойлық медальдарымен, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

Бірқатар ғылыми және басқа да жарияланымдары бар.

Үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр.

Тізіміне оралу