Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Басшылық туралы

Жұмашев Ғалымжан Сұлтанбекұлы

Төрағаның орынбасары

Ғалымжан Сұлтанбекұлы Жұмашев 1984 жылы
25 желтоқсанда дүниеге келген.

Ұлты – қазақ. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

2005 жылы Заманауи гуманитарлық академияны «Құқықтану» мамандығы бойынша (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.), 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Алан» ЖШС заңгер-кеңесші болып бастаған (Алматы қ.).

2006 – 2007 жылдары Астана қаласы Соттар әкімшісінің сот орындаушысы.

2007 – 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінде жетекші маманнан бастап басқарма басшысына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарған.

2016 жылдың 27 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметінде болған.

2018 жылдың 3 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

ҚР Білім және ғылым министрінің құрмет грамоталарымен (2012 ж., 2014 ж., 2016 ж.), ҚР Әділет министрлігінің «Заң» ведомстволық медалімен (2017 ж.) марапатталған.

Отбасылы, 3 баласы бар.

Тізіміне оралу