Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау

ЖОО ректорларына, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат (16.06.2016, 17-5/1320)

ЖОО ректорларына

диссертациялық кеңестер төрағаларына

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы комитеті (бұдан әрі - Комитет) диссертациялық кеңестердің 2017 жылғы есептерін қарап төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрығымен бекітілген диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің 10-тармағына сәйкес диссертациялық кеңестер күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін Комитетке жылдық есебін жолдайды және оны ЖОО-ның сайтына орналастырады.

2018 жылғы 5 қаңтарда Комитет тарапынан диссертациялық кеңестерге 2017 жылғы есептерді  а.ж. қаңтар айының соңына дейін жіберу қажеттілігі туралы хат жолданды (№ 17-5/27).

Казіргі уақытта Комитетке 15 диссертациялық кеңестің есептері түскен жоқ, сондай-ақ сайттарды мониторингілеу кезінде бірнеше кеңестердің есептері ЖОО-ның интернет-ресурстарында жоқ екені анықталды (тізім қоса беріледі).

Комитет а.ж. 4 наурызға дейін диссертациялық кеңестердің 2017 жылғы қызметі бойынша есептерді және кеңес туралы ақпаратты сайтта жаңартылғаны туралы ақпаратты (сайттың скрин-шотын қоса беріп) жолдау қажеттілігі туралы хабарлайды.

Қосымша 4 парақта.

Төраға м.а.                                                              ТЕшенқұлов


Тізіміне оралу