Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау

Жоғары оқу орындарына (18.03.2016 ж., №10-5/606)

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №56 бұйрықтың (бұдан әрі - бұйрық) Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде тіркелгені (2016 жылғы 5 наурызда № 13406) және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ағымдағы жылғы 14 наурызда жарияланғаны (күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) туралы хабарлайды.

Аталған бұйрықпен Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге (бұдан әрі – Үлгі ереже) диссертациялық кеңестерді құру жөнінде өзгерістер енгізілді. Үлгі ереженің 3-тармағы бойынша диссертациялық кеңестер 3 жылға құрылады. Сонымен бірге ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындары диссертациялық кеңестерді өз бетінше құрады. Құрылған күнінен бастап бір ай ішінде ЖОО-лар Комитетке құрылған диссертациялық кеңестер туралы ақпарат ұсынады.

Осы ретте аталған ЖОО-лар Үлгі ережеде диссертациялық кеңестер құрамына және олардың қызметіне қойылатын талаптарды толығымен орындау керек.

Айтылғандар негізінде бұйрықтың күшіне енгеннен кейін диссертациялық кеңестерді уақытылы құру жұмыстарын өткізу және тиісті ақпаратты Комитетке жолдап ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастыру қажет.

Төраға                                                                                  С. Нүсіпов

Тізіміне оралу