Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау

Нұсқаулық хат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2015 жылы диссертация қорғаған докторанттардың дипломдары туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2015 жылы диссертация қорғаған докторанттардың дипломдары туралы хабарлайды.

2015 жылғы 13 қарашадағы № 398 V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы № 398-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша докторы анықтамасынан «ғылыми» сөзі алынып тасталды (1 бап 37, 6-1,18-4 тармақшалар) Заң 2015 жылдың 28 қарашасында күшіне енді.

Осыған орай, философия докторы (PhD), бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесі дипломы 2015 жылдың 28 қарашасына дейін қорғаған және қорғауға қабылданған докторанттарға беріледі. Диссертациясын қорғауға осы уақыттан кейін қабылданған  докторанттарға философия докторы (PhD), бейіні бойынша докторы дәрежесі дипломы беріледі.

Сондай-ақ, шет елде алған ғылыми  дәрежедегі дипломының  баламалылығын тану үшін 2015 жылдың 28 қарашасынан кейін  ұсынған тұлғаларға да философия докторы (PhD), бейіні бойынша докторы дәрежесі дипломы беріледі.

Төраға                                                                                   С. Нүсіпов

Тізіміне оралу