Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Жұмыс нәтижелері

2013 жылғы 9-25 сәуірде республиканың 430 мектебінде, оның ішінде 50 мектеп эксперименттік - 12 жылдық білім беру бойынша, оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) өтті.

ОЖСБ 4 лекте 346 мектепте қағаз тасымалдағыштарында, 84 мектепте ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізілді.

Тестілеуге 24601 оқушы (каз – 16239, орыс – 8362) қатысты. Компьютерлік тестілеу Астана, Алматы және барлық облыс орталықтарында өтті, оған 8630 оқушы (қаз – 4915, орыс – 3715) қатысты.

ОЖСБ 4 пән бойынша: қазақ тілі - міндетті түрде және ҚР Білім және ғылым министрлігі жыл сайын белгілейтін 3 пән: алгебра, физика шет тілінен өткізілді.  

Әр пәннен 20 тест тапсырмасы енгізілді, барлығы 80 тапсырма болды.

ОЖСБ-ны өткізу ережелерінің сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім саласындағы бақылау департаменттері  және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырды.

ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдаланады.

Тізіміне оралу