Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Жұмыс нәтижелері

2012 жылғы қарашаның 13 мен 15 аралығында республиканың 53 жоғары оқу ұйымдары базасында оқу жетістіктерін сырттай бағалау

2012 жылғы қарашаның 13 мен 15 аралығында республиканың 53 жоғары оқу ұйымдары базасында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) дайындықтың үш бағыты бойынша білім алатын (білім беру, экономика және бизнес, құқық (16 мамандық) оқудың күндізгі нысанындағы бітіруші курс студенттері үшін өткізілді.

ОЖСБ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін 186 Министрлік өкілдері өңірлерге жіберілді, оның ішінде 49 – Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері.

Рәсімге 22621 (қаз. – 12611, орыс. - 11904) бітіруші қатысты, ол мәлімделген 24515 студенттердің 92,5%-ын құрады. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында 4 пәннен: 2 базалық және 2 бейінді пәндері бойынша өткізілді.

Орташа балл 92,6 (қаз. -92,1; орыс. – 93,1) құрады.

Ең жоғары 181 балды (мүмкін болған 200 балдан) құқықтану мамандығының студенті жинады.

151-ден 180 балға дейін 403 (1,8%) студент жинады.

Дайындық бағыты бойынша орташа балл:

  • Білім беру – 101,9 (қаз. - 99,8; орыс. – 108);
  • Құқық – 88,5 (қаз. – 81,6; орыс. – 96,2);
  • Экономика және бизнес – 90,7(қаз. – 92,7; орыс. – 89,2) құрады.

Мониторингтің нәтижелері пәндерді оқытуды жетілдіру үшін әдістемелік ұсыныстарға негіз болады. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың жағдайында мамандарды дайындауда білім беру ұйымдарын одан әрі рейтинг жасап саралау үшін.

ОЖСБ нәтижелері республиканың білім беру жүйесінің жәй-күйі және дамыу туралы Ұлттық баяндамасында орын алады.

Тізіміне оралу