Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

НҚА, заң жобаларын талқылау

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінде:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Шағын жинақталған мектептерді мемлекеттік аттестаттау тiрек мектептерде (ресурс орталықтарда) білім алушылардың аралық және қорытынды аттестатталуы, қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтардың өткізілу нәтижесін есепке ала отырып жүргізіледі.»;

6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау кадрлар даярлаудың бағыттары (біліктіліктер, мамандықтар) бөлінісінде де жүзеге асырылады.»;

7-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім беру ұйымын, сондай-ақ кадрлар даярлаудың бағыттары (біліктіліктер, мамандықтар) бөлінісінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері:»;

мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етілуі болып табылады.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Аттестаттау комиссиясының мүшелері төрағаға мемлекеттік аттестаттау мәселелерін зерделеу барысы туралы ақпарат береді және зерделеу объектілері бойынша, сондай-ақ біліктіліктер, мамандықтар, кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша анықтамаларды тапсырады.»;

20-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының бітіруші курстарында (олар болмаған жағдайда – жоғары курстарында) білім алушылардың білімі мен іскерлігін тексеру үшін біліктіліктер, мамандықтар, кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктері базалық және бейінді циклдерге кіретін пәндердің тізбесін уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымына ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;

28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қорытынды осы Ереженің 7-тармағында келтірілген мемлекеттік аттестаттау кезіндегі зерделеу объектілері жөніндегі мәліметтерден құралады, сондай-ақ мынадай бөлімдерді қамтиды: шығармашылық қызмет (өнер саласындағы білім беру ұйымдары үшін); кадрлар даярлаудың бағыттарын (біліктіліктерді, мамандықтарды) аттестаттау; сауалнама нәтижесі; кемшіліктер мен ескертулер (бұдан әрі – бұзушылықтар); тұжырымдар мен ұсыныстар.»;

30-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) білім беру ұйымының контингенті, оның ішінде оқыту нысандары және кадрлар даярлаудың бағыттары (біліктіліктер, мамандықтар) бойынша оқитын білім алушылар туралы мәліметтер;»

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) кадрлар даярлаудың бағыттары (біліктіліктер, мамандықтар) бөлінісінде мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы анықтамалар.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

               Премьер-Министрі                                                          Б.Сағынтаев

Тізіміне оралу