Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

НҚА, заң жобаларын талқылау

Талқылау үшін. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бек

«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
17 сәуірдегі № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

        

         БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
17 сәуірдегі № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11252 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша әзірленген оқу басылымдарынан басқа, өңделгеннен кейін қайта сараптамаға өткізілген барлық оқу басылымдарына, сондай-ақ тақырыптық жоспарға енгізілмеген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта техникалық және кәсіптік және жоғары білім берудің оқу басылымдарына мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету құны «Мемлекеттік мүлік туралы»
2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына(link is external) сәйкес осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1, 2 қосымшаларда(link is external) келтірілген кеткен шығындарды ескере отырып, көрсетілетін қызметті беруші айқындайды.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жүргізу туралы өтініш.

Өтініште оқу әдебиетінің титул парағына сәйкес автор(лар)дың аты-жөні мен тегі, ҚР МЖББС-дағы (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің үлгілік оқу жоспарлары) оқу пәнінің (пәндерінің) атына сәйкес атауы, сыныбы (курсы), басылым тілі, шыққан жылы, басылған орны көрсетіледі.

Өтініште сонымен бірге жұртшылықтың кең ауқымының қол жеткізуі үшін «Оқулық» орталығының интернет-ресурсында қағаз жүзіндегі оқулықтың электрондық нұсқаларын орналастыру туралы өтініші көрсетіледі («Жоба» белгісімен PDF форматында).

Қайта әзірленген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар үшін өтінішке әзірлеушілер (авторы, авторлық ұжым) туралы мәліметтер және байланыс телефондары қоса беріледі.

2) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды басуға және/немесе қайта басуға авторлық құқық беру туралы келісімшарттың әрекет ету мерзімі мен аймағын, басылым таралымын және т.б. көрсете отырып, ұжымдық негізде авторлардың меншіктік құқықтарын басқаратын автормен (авторлармен) немесе ұйыммен жасалған келісімшарттың көшірмесі;

3) оқулықтың (соның ішінде оның электрондық нұсқасы PDF форматта), ОӘК, ОӘҚ, ЭҚ түпнұсқа-макеттерінің және қорапта соңғы тұтынушыға арналған электрондық жеткізгіштердегі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар CD (DVD)-дискінің үш данасы;

4) техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар үшін пән бойынша оқу бағдарламасы;

5) оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға түсіндірме жазба.

Түсіндірме жазба қайта дайындалған басылым үшін негізгі тұжырымдамалық ойларынан, өзектілік деңгейін бағалаудан, әзірлеменің жаңашылдығынан, ҚР МЖБС-ны, үлгілік оқу бағдарлама талаптарын іске асырудан, қайта басылған оқу басылымдары үшін – автордың (авторлық ұжымның) енгізген өзгерістері мен толықтыруларынан тұруы тиіс.

6) үш пікір: пән бойынша педагог-практиктің, пән бойынша әдіскердің, ғалымның. Пікірде автордың білім беру ұйымдарында білім беру деңгейіне байланысты оқу басылымына ішінара сынақтан өткізу нәтижелері, басылымның мақсатты арналуы көрсетіледі;

7) техникалық және кәсіптік білімнің оқу басылымдары үшін – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының республикалық оқу-әдістемелік бірлестік шешімінен үзінді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдары үшін – мамандықтардың топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің шешімінен үзінді;

8) электрондық жеткізгіштердегі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар үшін – пайдаланушыларға арналған орнату және басшылыққа алу нұсқаулығы еркін нысанда;

9) төлем төлеу туралы түбіртегі (сараптама ақылы негізде жүргізілген жағдайда);

Тақырыптық жоспарға енгізілмеген оқу басылымдарының сараптама қызметінің төлемі басылымдарды сараптамаға қабылдау туралы хабарландыруды алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жүргізіледі.»;

Осы стандарттың 1,2 қосымшаларына сәйкес 2,3 қосымшаларымен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін осы бұйрықты күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                                          А. Сәрінжіпов

           Білім және ғылым министрі

Тізіміне оралу