Баптар

Оқулық 2015-2016

40 сұрақтардан 1 - 5 сұрақтар
28 Қаңтар 2017
Мұхтарова Әсем Мұхтарқызы
Вопрос
Мектеп бағдарламасында логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулерді оқыту үшін қолдануға рұхсат берілген кітаптар тізімін қайдан алуға болады? Маған 2010-2016 жылғы тізімдер керек еді! Рахмет!
28 Қаңтар 2017
Мұхтарова Әсем Мұхтарқызы
Вопрос
Сәлеметсіздерме! Менің қойғым келетін сұрағым: Мектеп бағдарламасында логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулерді оқыту үшін қолдануға рұхсат берілген кітаптар тізімі қандай?
28 Қазан 2016
Кенжебаев Нұрболат
Вопрос
Маңғыстау обылысы Түпқараған ауданы Баутин кентіндегі М.Горький атындағы (орыс тілді) (Республикалық оқу министірлігіне тікелей бағынышты) 12 жылдық мектептің МАД 0-сыныбы оқу дептерлерін 20 қазаннан кейін жаңасына ауыстыруға жоғарыдан бұйрық келген. Енді ол дәптер -оқулықтар еш жерде сатылымда жоқ. Ата аналар әуре сарсаңға түсіп қайдан табарын білмеуде. Ата аналар кітап баспасына өздері тапсырыс беріп алғысы келеді, бірақ оның келісі жоқ сияқты. Осы мәселені тез шешуге көмек боларма екен?
Ответ
Түпқараған аудандық білім бөлімінің М. Горький атындағы орта мектебі әкімшілігінің ақпараты бойынша ата-аналарға кезектен тыс жиналыс өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта аталған мәселе толық шешілді.
23 Қазан 2016
Әлихан Шәдібекұлы
Вопрос
Сәлеметсіздерме! Көптеген оқушылардың сұранышы бойынша ҰБТ-ны қалдыра аласыздарма? Бұл бізге өте ыңғайлы болар еди жәнеде біз тестте әділ өз білімімізді көрсетеміз.Көңіл бөліп оқуларыңызды сұранамын!
Ответ
Кешіріңіз, өкінішке орай, Сіздің сұрағыныз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің құзыретіне кірмейді. Аталған мәселемен Сізге Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің блогына www.edu.gov.kz сайты бойынша хабарласуға болады.
12 Қазан 2016
Кадиркулова Динара Тинымбаевна
Вопрос
Саламатсыздар. 2016жылғы "Атамұра" баспа 1 сынып кітабын неге сонша үлкен қылып шығарған, әр пәннен бір оқу кітабы және бір жұмыс дәптері бар, ал мектепте күніне 4-5 сабақ болады сонда өзі кішкентай бала қаншама кітапты қалай көтереді екен. Кітаптардың салмағын сонда есептемейма кітаптың салмағы бойынша норматив деген жоқпа неге қарамайсыздар, Өздерініңіз сол кітапты сумкаға салып көтеріп көрдіңіздерма
Ответ
ҚР Білім және ғылым министрлігі Сіздің 1 сынып оқушыларына арналған оқу құралдарының сапасына жанашырлық танытқаныз үшін ризашылық білдіре отырып, болашақта бұл кемшіліктер назарға алынатындығын хабарлайды. ҚР МЖБС-ға, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламарына және санитарлық-гигиеналық талаптарға, оқулықтарға сәйкес жұмыс дәптерлері және ОӘК құрастырылады

Pages