Баптар

Талдамалық жұмыс басқармасы туралы ереже

Құрылған:16.02.2016, 11:23   |   Жаңартылған:08.06.2016, 11:26

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің  

Талдамалық жұмыс басқармасы  туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Талдамалық жұмыс басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма  өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) бұйрықтарын және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың штаттық сандарын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

 

           2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

4. Міндеті: Білім саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Функциялары:

1)    Бейіндік басқармалармен бірлесіп Комитет қызметінің негізгі бағыттарына мониторинг жүргізу;

2)    Бейіндік басқармалармен бірлесіп білім және ғылым саласындағы бақылау мәселелері бойынша талдамалық ақпараттарды жинау және өңдеу;

3)    Бейіндік басқармалармен бірлесіп білім және ғылымды бақылауды дамытудың страт саласындағы бағдарламалар, тұжырымдамалар, іс-шара жоспарларының жобаларын әзірлеу;

4)    Комитет құзіреті шегінде білім және ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттар (Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Министрліктің стратегиялық жоспары) бойынша, Елбасының жыл сайынғы жолдауын іске асырудың негізгі бағыттары Жалпыұлттық жоспары бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

5)    Бейіндік басқармалармен бірлесіп бағдарламалық және стратегиялық құжаттардың (Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Министрліктің стратегиялық жоспары) орындалуы бойынша есептер әзірлеуі;

6)    Бейіндік басқармалармен бірлесіп Министрліктің алқа мәжілісіне тиісті материалдар білім сапасын бақылау мәселелері бойынша дайындау;

7)    Бейіндік басқармалармен бірлесіп Білім жүйесіндегі мемлекеттік бақылау түрлерінің және олардың механизмдерін дамыту бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;

8)    Комитет төрағасына, ҚР Білім және ғылым министріне өз құзіреті шегінде презентациялық материалдарын әзірлейді;

9)    ҚР Президентінің Әкімшілігі, ҚР Үкіметінің отырыстарына, ҚР БҒМ Алқасына, аппараттық жиналыстарға Комитет құзіреті шегінде материалдар даярлау;

10)    Білім және ғылым саласындағы сапаны бақылау жөніндегі Комиссия отырысын ұйымдастырады, өткізеді;

11)    Басқарма құзіреті шегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Комиссиялары отырыстарына материалдар даярлайды;

12)    Бейіндік басқармалармен бірлесіп Бүкіләлемдік Банк қолдайтын жобаларды үйлестіру;

13)    Комитеттің интернет-ресурсын жаңарту, сүйемелдеу;

14)    Комитет төрағасының блогын жаңарту, сүйемелдеу;

15)    Комитет құзіреті шегінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуы мен қол жеткізу тиімділігін бағалау;

16)    Ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау (интернет-ресурсты қолдану бойынша).

5. Басқарма өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру барысында мынадай құқықтарға ие:

1)    Комитеттің қызметіне жүйелі талдау және мониторинг жасау бойынша Комитет басқармаларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға;

  1. білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру және реттеу бойынша ұсыныстар дайындауға қатысуға;
  2. талдамалы материалдар жасауға қатысу үшін бейінді басқармалардан, аумақтық Департаменттерден, бағынысты ұйымардың мамандарын жетекшілерінің келісімімен тартуға;
  3. басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін Комитет бөлімшелерінен, аумақтық Департаменттерден, бағынысты ұйымардан белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттарды сұратып алуға;
  4. басқарманың құзырына жататын мәселелер бойынша Министрлік пен Комитет басшылығына талдамалық анықтамалар мен қызметтік жазбалар ұсынуға;
  5. басқарманың құзырына жататын мәселелер бойынша семинарларға қатысу;
  6. Министрліктің Алқасына Комитет жұмысын арттыру және жетілдіру мәселелері бойынша басқарманың құзыры шегінде басшыларға ұсыныс жасауға;
  7. басқарманың құзыреті шегінде басқа министрліктерде, агенттіктерде, ведомстволар мен ұйымдарда Комитет өкілі бола алады;
  8. басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Үкімет пен Министрліктің актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыра алады.

 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

6. Басқарма білім және ғылым саласындағы бақылауды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық және заңнамалық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

7. Басқарманы  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

8. Басқарма басшысы болмаған кезде, оның міндеттері бас сарапшылардың біреуіне жүктеледі.

9. Басқарма басшысы басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады  және басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

10. Басқарма басшысы осы мақсатта:

  1. басқарма туралы ережені әзірлейді;
  2. басқарма қызметшілерінің  міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет төрағасына басқарма қызметшілерін көтермелеуге, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдануға ұсыныстар жасайды;
  4. басқарманың құзыреті шегінде Комитет құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша басқарманың барлық қызметкерлері орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді; 

5)    басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес басқа да міндеттер мен құқықтарды жүзеге асырады.

11. Мынандай құжаттарға қол қоюға құқығы бар: орындаушы өзі болған құжаттарға; басқарма қызметкерлерімен әзірленген барлық құжаттарға; басқарманың құзыреті шегінде Комитет басшыларына ұсынылатын барлық қызметтік, басқа да жазбаларға. Жұмыста болмаған уақытында қол қоюға оны алмастырушы тұлғаның қол қоюға құқығы бар.