Баптар

Шетелде алынған ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері дипломдарының баламалылығын тану үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:

Құрылған:11.04.2018, 17:30   |   Жаңартылған:11.04.2018, 17:30

Шетелде алынған ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері дипломдарының баламалылығын тану үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:

1) жеке өтініш (ерікті нысанда) және (немесе) ізденуші жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты (ерікті нысанда);

2) жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

3)  дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе дәрежені беру туралы құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы. Диссертацияларын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалар үшін  апостильденген немесе қорғау мемлекетінде диссертация қорғауын легализациялайтын диплом;

4) мынадай ақпараттары бар дәреженің берілгені туралы құжатқа (транскрипт) қосымшаның нотариалды расталған көшірмесі: өткен оқу пәндері мен практикалардың, алған қорытынды бағалары мен бітіру біліктілік жұмыстарының көлемі. Транскрипт жоқ болған жағдайда өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі;

5) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация. Шет тіліндегі диссертацияға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (40 мың баспа белгіден кем емес) нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда зерттеудің бастапқы деректері, мақсаты, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелері, қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіледі;

6) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі мен көшірмесі;

7) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аты, жөні, тегінің (болған жағдайда) жазылуы туралы мәлімет;

8) жұмыс орны растаған 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

9) диссертацияда автор мен дереккөзге сілтемесіз бөтен материалдың пайдаланылғанының тексерілгені туралы «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҰМҒТСО) (ерікті нысанда) және диссертация қорғаған елдің уәкілетті органының анықтамасы (ерікті нысанда, болған жағдайда);

10) ҰМҒТСО (ерікті нысанда) диссертацияның бір данасын қабылдағаны туралы анықтамасы.

Құжаттар папкаға құжаттар тізімімен (опись) бірге тігіледі.