Баптар

Шетелде алынған ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері дипломдарының баламалылығын тану үшін қажет құжаттар тізімі (шетелде қорғалған диссертацияда мемлекеттік құпиялар болса немесе диссертацияны ...

Құрылған:11.04.2018, 17:16   |   Жаңартылған:11.04.2018, 17:16

Шетелде алынған ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері дипломдарының баламалылығын тану үшін қажет құжаттар тізімі (шетелде қорғалған диссертацияда мемлекеттік құпиялар болса немесе диссертацияны Қазақстан Республикасы Қорғаныс                                  министрлігі, ұлттық қауіпсіздік органдары және Ішкі істер министрлігі ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберген тұлға қорғаған жағдайда):

1) жеке өтініш (ерікті нысанда) және (немесе) ізденуші жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты (ерікті нысанда);

2) жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

3)  дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе дәрежені беру туралы құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы. Диссертацияларын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалар үшін  апостильденген немесе қорғау мемлекетінде диссертация қорғауын легализациялайтын диплом;

4) мынадай ақпараттары бар дәреженің берілгені туралы құжатқа (транскрипт) қосымшаның нотариалды расталған көшірмесі: өткен оқу пәндері мен практикалардың, алған қорытынды бағалары мен бітіру біліктілік жұмыстарының көлемі. Транскрипт жоқ болған жағдайда өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі;

5) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аты, жөні, тегінің (болған жағдайда) жазылуы туралы мәлімет;

6) жұмыс орны растаған 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

7) «құпия» белгісін беру және әскери білім беру арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүйесіндегі білім беру саласындағы уәкілетті органның ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберуі туралы (ерікті нысанда) анықтама.

Құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру қағидаларының 22 және 23-тармақтарына сәйкес келтірілген.

Құжаттар папкаға құжаттар тізімімен (опись) бірге тігіледі.