Баптар

Сұрақ-жауап

1281 сұрақтардан 31 - 35 сұрақтар
17 Қазан 2017
Кайролдин Айдос Сакенович
Сұрақ
Здравствуйте, получил нострифицированный документ, в нем имеется ошибка.Указаны не верные сведения о специальности.( в документе-менеджмент, а должен быть Бизнес-Администрирование.) Спасибо.
Жауап
По вопросу исправления ошибок в удостоверении о признании или нострификации документов об образовании Вам следует обратиться в Центр Болонского процесса и академической мобильности по телефону 30-82-25.
16 Қазан 2017
Нурбекова Маржан Абдыжапаровна
Сұрақ
Cәлеметсіздер ме? менің сұрағым қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алу үшін талап етілетін құжаттар тізімінде Scopus базасында жаррыққа шыққан мақалалар туралы еш айтылмаған. импакт факторы нөлдік емес журналдардағы осы Scopus базасына жарыққа шыққан мақалалар мүлдем есепке алынбайды ма? әлде ВАК журналдарының орнына есептеледі ме? Патент ше?
Жауап
Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінің 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ұсынушылардың ғылыми мақалалары келесі талаптарға сәйкес болуы қажет. Диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 ғылыми мақала болуы қажет. Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасында нөлдік емес импакт-факторы бар журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Скопус немесе Jstore базаларына кіретін журналдар да жатады. Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар келесі шарттар орындалған жағдайда ескеріледі: 1) мақалалар Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасында импакт-факторы болған немесе Скопус не Jstore базаларында (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында) индекстелген мерзімде шыққан ағымдағы нөмірлерде (конференция материалдары емес) жарияланған; 2) мақалалар журналдың Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасында немесе Скопус не Jstore базаларында (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында) көрсетілген тематикалық бағытына сәйкес келген жағдайда. Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы мақалалар ретінде саналады. Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының деректер базасына енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады
12 Қазан 2017
Умбетов Туракбай Жетенович
Сұрақ
Cұраққа қосымша Сарапшылардың 6D110000 – Медицина мамандығы бойынша докторант А.К Бердалинованың «Организмге натрий тетраборатының әсері кезіндегі бауыр, оның аймақтық лимфа түйіндері және көкбауырдың морфофункциональды жағдайы» тақырыбындағы диссертациялық жұмыс бойынша аппеляцияға толық жауап бергеннен кейінгі қосымша сұрақтарына жауап 1.Диссертация тақырыбының Қазақстан Республикасында іске асырылатын ғылыми дамудың басым бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаға сәйкестігі. 1.Берілген зерттеу Қазақстан Республикасының Денсаулық Министрлігімен дайындалған «Репродуктивті денсаулық және балалар денсаулығын қорғау технологияларын зерттеу» тақырыбындағы Ғылыми техникалық бағдарламасынның) (ҒТБ) «Химиялық заттардың (хром,бор) жалпы токсикалық және гонадотропты әсерін бақылау бойынша тәжірибелік зерттеу» тарауына жатады. (№0114РК00485 10.09.2014 ж бастап. Орындалу уақыты 2014-2016жж). Сонымен қатар Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің гистология кафедрасының «Ағзаның ішкі мүшелерінің қалыпты жағдайда, патологияда және тәжірибеде әртүрлі экологиялық факторлар әсер еткен жағдайда морфологиялық құрылымдықөзгерістерін кешенді зерттеу» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысының аясында жүргізілді (мемлекеттік тіркеу 0113РК00424). 2.Диссертациялық жұмыс боратпен улану кезіндегі бауырдың, оның аймақтық лимфа түйіндерінің және көкбауырдың морфофункциональдық өзгерістерін анықтап, зерттелуіне арналған тәжірибелік жұмыстың диссертациялық жұмыс тақырыбына сәйкес келмейтіні айқындалды. 2.Ұсынылған жұмыс бірыңғай функциональды гомеостатикалық жүйені лимфопоэздің басты ағзасы бауырды (организмдегі лимфаның 50-70% түзіледі) және оның аймақтық лимфа түйіндерін (лимфатикалық аймақ) сонымен қатар қан арнасына түскен антигендерден қорғайтын жалғыз лимфоидты ағза - көкбауырды, комплексті қарастырады. Диссертациялық жұмыс тақырыпқа сәйкес организмге натрий тетраборатының әсері кезіндегі бауыр құрылысының бұзылуын, патологиялық әсерден кейінгі репаративтік регенерациясын, оның аймақтың лимфа түйіндері және көкбауырдың морфофункционалдық жағдайын қарастырады. Тақырып ғылыми кеңесші медицина ғылымдарының докторы, Литва Денсаулық Ғылымдары университетінің (Каунас қаласы, Литва) профессоры Далия Пангонитемен және медицина ғылымдарының докторы, профессор, эксперименталдық және клиникалық лимфология ғылыми зерттеу институтының лаборатория меңгерушісі Горчаков В.Н (Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы) бірігіп ойластырылған. Диссертациялық жұмыс тақырыпқа сәйкес келмейді деген тұжырым ғылыми негіздемесіз (без научного основания) деп есептейміз. 3. Автордың жүргізген диссертациялық жұмысының ел экономикасын дамытуға маңызды үлес қосатын ғылыми негізделген экономикалық шешімдер қатарына жақын келмейді. 3. Фундаменталды жұмыстар жедел экономикалық эффект әкеле алмайды, олар тек біздің білімімізді жетілдіреді. Мысалы, И. Мечниковтың (жасушалық иммунитеттің негізін қалаушы) фагоцитоз құбылысын ашуы, немесе П. Эрлихтің (гуморальдық иммунитеттін негізін қалаушы) қорғаныш реакциясына антиденелер қатынасын айқындауы, сонымен қатар Новосибирск лимфологтар мектебінің лимфоциттердің лимфадан қанға, қаннан лимфаға рециркуляциясын ашуы экономикалық тұрғыда эффект көрсетті ме? 4. Боратпен улану кезіндегі және қайта қалпына келу кезіндегі бауырдың, оның аймақтық лимфа түйіндерінің және көкбауырдың морфофункциональдық жағдайының мақсатты түрде зерттелуі тақырыптың өзектілігін аша алмайды. 4. Бұл комплексті иммуно- морфологиялық жұмыста ксенобиотиктің әсерінен болатын бауырдың өзгерістері ғана емес, сонымен қатар бауырдың өзгерістеріне байланысты оның иммундық қорғаныс жасушаларының (Купфер жасушалары, Т- жасушалық табиғи киллерлер) көбеюі, және иммундық жүйе ағзаларының –бауырдың регионарлық лимфа түйіндерінің және көкбауырдың реакциясы сипатталады. Соңғысы қан арнасына антиген түскенде реакция көрсетеді. Осы мәліметтердің барлығы диссертацияның өзектілігін айқындайды. Сұрақты орынсыз, ғылыми фактіге сүйенбей қойылған деп есептейміз. 5. Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысы аймақтық деңгейіндегі боратпен улану кезіндегі және қайта қалпына келу кезіндегі бауырдың, оның аймақтық лимфа түйіндерінің және көкбауырдың морфофункциональдық жағдайын мақсатты түрде зерттеу тек қана сол берілген аймаққа ғана өзекті мәселе болып табылады. Ғылыми жұмыста зерттелген бораттың бауырға кері токсикалық әсері бұрыннан зерттелгендіктен, қазіргі таңда өзекті тақырыптар қатарына жатпайды. Боратпен улану кезіндегі және қайта қалпына келу кезіндегі бауырдың, оның аймақтық лимфа түйіндерінің және көкбауырдың морфофункциональдық жағдайы тақырыбының өзектілігі күмәнді. 5. Біріншіден, кез - келген аймақтың биогеохимиялық проблемасы – сол аймақтың денсаулық сақтау қызметкерлерінің мәселесі (Ақтөбе өңірінде - хром және бор, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында - фтор және фосфор, Шығыс Қазақстан облысында - қорғасын және цинк, Павлодарда - сынап, Қарағандыда - ауыр металлдар қоспасы). Осы мәселені шешу Алматы немесе Астана мамандары емес, жергілікті денсаулық сақтаудың ғылыми қызметкерлерінің мақсаты. Екіншіден, қандай да ғылыми жұмыс - әлемдік ұйым игілігі болып табылады. Үшіншіден, Ақтөбе облысынан басқа Ресей, АҚШ, Түркия, Аргентина, Чили, Перу, Қытайда жер қыртысында бор қоры көп мөлшерде. Ақтөбе облысының жер қыртысындағы бор қоры сарқылғанша бұл мәселенің өзекті болуына күмән келтірмеу қажет. 6. Әдебиеттер шолуында 16 парақтың тақырыптан тыс мәліметтер және тұжырымдар жинақталған, сол себепті 1-тараудың құндылығы жоғалтылған. Әдебиеттер тізімінде 35 жылдан артық жылдағы әдебиеттер кездеседі. 6. Диссертацияда тек қана 3 ғылыми жұмыс - 35 жыл бұрынғы Добровольскийдің еңбегі (1983) Батыс Қазақстанда бордың кездесуі жайлы жалғыз фундаменталдық жұмыс. Сонымен қатар Е.А. Иофенің (1981) кеңестік энциклопедиядағы натрий тетрабораты туралы фундаменталды мақаласы туралы және микроанатомиялық зерттеулері, Rodgers. P.A, Cannon B.J(1981) жылғы пионерлік жұмыстары өз өзектілігін жоғалтпаған себептен диссертацияға арқау бола алады. 7. Диссертациялық жұмыстың жиынтығы жаңа ғылыми жетістік ретінде қарастырылуына немесе ғылыми бағыттың дамуы үшін ықпал беретіндей көзқарас туындамады. 7. Бұл тарауда ксенобиотиктің әсерінен болған бауырдың құрылысының өзгерісінен кейін иммундық қорғаныс құрылымдарының белсенділіктерінің өзгеруі көрсетілген. Олар бауыр тамырындағы СD68 (Купфер жасушалары) және СD3 (Т- жасушалық табиғи киллерлер) көбеюі және азаюы, бауырдың аймақтық лимфа түйіндеріндегі функционалдық зоналарының (қыртыстық плато, паракортикальды аймақ, көбею орталағынсыз лимфоидты түйіншіктер, көбею орталығымен лимфоидты түйіншіктер, жұмсақ жіпше, жұмсақ синустар) ұлғаюы және кішіреюі, көкбауырдың ақ ұлпасындағы лимфа түйіншіктеріндегі функционалдық зоналарының (периартериалдық, герминативтік, мантиялық және маргинальдық) ұлғаю және кішіреюінің иммундық ширығуға байланысты екендігі көрсетілген. 8. Зиянды заттардың нысаны болып табылатын мүшелер қатарындағы бауыр тінінде токсикалық заттардың әсерінен құрылымы бұзыла түсетіні анық. Автордың алып отырған бор ксенобиотигі басқа зияндылығы жағынан деңгейінің әлсіз келетіні белгілі. Бірақ автордың ксенобиотикті таңдауында ешбір сын болмаған сияқты, болса бұл нысананы алмаған болар еді. 8. Бауыр – асқорыту жүйесінің ең үлкен безі, және мұнда асқорыту процессіне байланысты 500 шақты метаболикалық процесстер жүреді. Сонымен қатар бауыр – қандай да ксенобиотиктерді залалсыздандырады және де ағзадағы лимфаның 50% астамы бауырда түзіледі. Жұмыстың мақсаты ксенобиотик әсерінен болатын иммундық серпіліс кезіндегі иммундық ағзалардың морфологиясын зерттеу болғандықтан, бұл сұрақтың туындауын келеңсіз деп есептейміз. Ксенобиотикті таңдаудың негізгі мақсаты техногенді провинцияның проблемасын шешуге бағытталған. 9. Әрбір жануардың салмағына және ағзасына сәйкес мөлшер сен созылмалы улану уақыты диссертациялық жұмыста ескерілмеген. Сонымен қатар, ешқандай іріктеу әдістемесі жұмысқа енгізілмеген. 9. Жануарлардың улануы ағзаға сәйкес мөлшерленбейді, ол жануарлардың түрлеріне және салмағына байланысты. А.А. Силаев (1990) бойынша егеуқұйрықтыларға натрий тетраборатының мөлшері ӨМ100(ЛД100) -9000мг/кг, ӨМ50(ЛД50)-4500мг/кг,ШРК(ПДК)-30мг/кг. Эксперименттік улану жұмыстарында жануарларды іріктеу тек қана улы затты олардың өз еркімен қабылдауында болады. Мысалы алкоголизациялық эксперемент жүргізгенде алкоголге тәуелді егеуқұйрықтыларды іріктеу. Эксперименталды жануарларға екі ай бойы күн сайын таңертеңгі сағат 9-да іш қуысына (внутрибрюшинно) 150мг/кг тетраборат натрий енгізілді. Бұл мәлімет диссертацияда көрсетілген. 10. Жұмыстың ғылыми жаңалығы бұл натрий тетраборатымен уланудың бауырға, оның аймақтық лимфа түйіндеріндегі микроанатомиялық ұйымдастырылуына иммунитет күшінің әсерін, көкбауырдың ақ ұлпасының лимфоидты түйіндерінің функциональдық аймақтарына әсер ету дәрежесіне анықтау деп және токсикалық заттың әсерін тоқтатқаннан кейінде бауырдың қайта қалпына келуін және лимфа түйіні мен көкбауырдың бейімделе қалыптасу процесінің ерекшелігін көлемі жағынан аз ғана тәжірибелік материалдар арқылы анықтығын интерпретациялауорынды емес. Жоғарыда келтірілген мәліметтер ғылыми жаңалық ретінде қабылдану өте қиын, яғни Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларының 5 тармағына сәйкес келмейтін жұмыс деп бағаланады. 10. Осы комплексті иммуно – морфологиялық жұмыста негізінен регионалдық иммундық қорғаныс құрылымдарының тетраборат натрийдің әсерінен болатын бауырдың құрылысының бұзылуына және қайта қалпына келуіне байланысты иммундық қорғанысты атқаратын жасушалар (Купфер жасушалары, Т- жасушалық табиғи киллерлер) мен бауырдың регионалдық лимфа түйіндерінің және көкбауырдың иммундық ширығуына байланысты озгеруі. Осы мәліметтер диссертацияның өзектілігін көрсетеді. Бордың әсерінен бауырдың және оның аймақты лимфа түйіндерінің сонымен қатар көкбауырдың құрылыстарының өзгеруін зерттеу алғаш рет. Сондықтан да көрсетілген мәліметтерді ғылыми жаңалық ретінде қабылдауға болады деген сенім білдіреміз. Жұмыста 60 аталық ақ егеуқұйрықтар мүшелері зерттелген . Солардан 180 гистологиялық блок және 1800 кесінділер даярланып зерттелген . 11. Тәжірибелік жұмысты жасау барысында натрий тетраборатымен уланудың бауырға, оның аймақтық лимфа түйіндеріндегі микроанатомиялық ұйымдастырылуына иммунитет күшінің әсерін, көкбауырдың ақ ұлпасының лимфоидты түйіндерінің функциональдық аймақтарына 2 әсер ету дәрежесін анықтауы, сонымен бірге токсикалық заттың әсерін тоқтатқаннан кейін бауырдың репаративті регенерациясын және лимфа түйіні мен көкбауырдың компенсаторлы- қалыптасу процесінің ерекшелігін анықтағаны ғылым дүниесіне бұрыннан мәлім болған факт. Сондықтан ғылымға деген ешқандай жаңалығы жоқ. 11. Біріншіден дүниеде адам және жануарлар организімінде зерттелмеген құрылым жоқ. Медициналық зерттеушілердің айтуынша зерттелмеген мүмкін тек қана африкалық пілдің жыныс мүшесінің купек басы (preputium), ол да зерттелген . Екіншіден осы тақырыпқа байланысты бордың әсерінен кейін бауырдың морфологиялық өзгерістерін зерттеген жұмыстар жоқ. Үшіншіден, бордың әсерінен кейін лимфатикалық аймақ (бауыр және оның регионарлы лимфа түйіндері) сонымен қатар көкбауырды комплексті зерттеген тек қана осы жұмыс 12. Берілген диссертациялық жұмыста автордың жеке қосқан үлесі көрсетілмеген. Сонымен қоса, берілген уақыт мерзімінің (7,14,30,60) таңдалу себебі негізделмеген, айқын емес. 12. Тәжірибе Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің жанындағы Ғылыми практикалық орталықта докторанттың тікелей орындауымен жүргізілді. Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің гистология кафедрасының лабораториясында докторант гистологиялық зерттеулерді жүргізді. Көрсетілген жұмыстың барлық тараулары бойынша (тәжірибе жүргізу, алынған материалдарды өңдеу және талдау, нәтижелерді интерпретациялау және оларды талқылау) автордың өз қолымен жүргізілді. Иммуногистохимиялық зерттеу Литва Республикасының Каунас қаласында Литва Денсаулық Ғылымдары Университеті зертханасының базасында ғылыми кеңесші профессор Далия Пангонитенің жетекшілігімен және докторанттың қатысуымен жүргізілді (28.09 – 11.10.2014ж). Автордың жеке қосқан үлесі бордың, оның ішінде натрий тетраборатының бауырдың құрылымын, оның иммундық жүйесін (Купфер жасушалары , Т- жасушалық табиғи киллерлер ), және оның региональдық лимфа түйінін, сонымен қатар көкбауырдың функционалдық зоналарын бірінші болып зерттеу. 7, 14, 30, 60 тәуліктерде зерттеу созылмалы процестердің динамикасын білу үшін зерттеудің классикалық мерзімдері. Бұл созылмалы процестерді зерттеу мерзімдерінің аксиомасы. 13. Тәжірибелік жұмыс сипаттама түрінде жүргізілген. Ғылыми жаңалықты және нәтиженің практикалық маңызын алу үшін тереңдетілген ғылыми деректерге статистикалық талдау жасалуы тиісті. Мысал ретінде қарастырар болсақ, тәжірибелік жұмысты жасау кезеңіндегі зертханалық жануарлар бауырының салмақ индексі және СD3 антиген экспрессияларының арасында корреляциялық талдау жасау жұмыстың құндылығын арттырар еді. 13. Морфологиялық жұмыста ең бірінші және негізгі зерттеу тәсілі сипаттау. Ал статистикалық талдау жүргізу үшін, процестердің құрылымдық өзгерістерін салыстыру. Жануарлардың бауырының салмақ индексі мен СD3 және CD 68 экспрессиялануы еш уақытта корреляцияланбайды. Иммундық клеткалардың экспрессиялануы ол ксенобиотиктің (натрий тетраборатының) дозасына (мөлшеріне) байланысты корреляцияланады. Ал бұл мәселе біздің зерттеуіміздің мақсатына кірген жоқ. 14. Диссертациялық жұмыста негізінен шамалы ғана тәжірибелік көрсеткіштерді констатациялау жүргізілген, ал оның мұндай дәрежеге дейін ұшыратқан патологиялық процестердің тізбегі туралы интерпретация келтірілмегендіктен аталған жұмысты ғылыми-зерттеу жұмысына жатқызу мүмкін емес. 14. Диссертацияда бауырдың құрылысының өзгерулері және иммундық қорғанысқа қатысатын жасушаларының экспрессиялануы (Купфер жасушалары , Т- жасушалық табиғи киллерлері ) және оның регионалдық лимфа түйіндерінің , сонымен қатар көкбауырдың ақ ұлпасының функционалдық аймақтарының ксенобиотиктің (натрий тетраборатының ) әсеріне байланысты өзгерулері толығынан интерпретацияланған. Бұл зерттеу бордың бауырға, оның регионалдық лимфа түйіндеріне және де көкбауырға әсер етуін зерттеудегі алғашқы (пионерлік) ғылыми жұмыс. 15. Тәжірибелік жұмыс барысында алынған нәтижелерді биохимиялық зерттеулермен (АЛТ, АСТ, билирубин және т.б) кеңейте зерттеу жүргізілсе, диссертация маңыздылығы арта түсер еді. 15. Біріншіден жұмыс таза морфологиялық үш мүше (бауырды, оның регионалдық лимфа түйіндерін және көкбауырды) логикалық реттілікпен біріктіріп зерттелген жұмыс. Ал функционалдық зерттеулер тек қана молекулярлық және жасушалардың органеллаларының (субклеткалық) деңгейде бұзылуында жүргізіледі. 16. Диссертанттың жүргізілген жұмысына локалды этикалық комиссияның көшірмесі берілгенімен, эксперименттік жануарларға тәжірибелік эксперимент жүргізу және эксперименттен шығару ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі №442 «Қазақстан Республикасындағы клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық эксперименттерді және клиникалық сынақтарды жүргізу туралы ережесіне» сілтемесі келтірілмеген. 16. Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі зерттеулерді, медициналық - биологиялық эксперименттерді және клиникалық сынақтарды жүргізу ережелерін бекіту туралы 2007 жылғы 27 тамыздағы №442 бұйрығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 697 бұйрығымен күшін жойғанына байланысты диссертацияда көрсетілмеді, Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің жергілікті этикалық комитетінің оң шешімімен және «Эксперименталдық және басқа да ғылыми мақсаттар үшін қолданылатын омыртқалы жануарларды қорғау бойынша Европалық конвенцияға» сілтеме жүргізілді. Диссертациядағы 150,151-ші әдебиеттік сілтемеде көрсетілген. 17. ҚР БҒМ 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларындағы 4,5 тармағындағы талабына сәйкес бұл диссертациялық жұмыс маңызды ғылыми мәселені шешетіндей жаңа ғылыми негізделген нәтижелерге жатпайды. 17. Натрий тетраборатының әсерінен бауырдың құрылымы мен иммундық қорғаныс жүйесінің өзгеруін оның регионалдық лимфа түйінінің және де көкбауырдың ақ ұлпасының лимфоидтық түйіншектерінің өзгеріп ұлғайуын және төмендеуін анықтау өте өзекті сонымен қатар алғашқы жұмыс. Сондықтан да ҚР БҒМ 2011 жылғы 31 наурызындағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларындағы (бұдан әрі -Қағидалар) 4,5 тармағындағы талабына сәйкес диссертациялық жұмыс регионалды аймақтық мәселелерді шешетін маңызды ғылыми жұмыс деп есептейміз. 18. Іргелі сипатты диссертациялық жұмыста берілген мәліметтер бауырдың репаративті регенерациясы туралы және перифериялық иммунды қорғаныш мүшелерінің (лимфа түйіні, көкбауыр) құрылымдық ұйымдастырылуымен иммунды күш деңгейінің өзара тәуелділігі жайлы білім байлығын күшейтпейді. 18. Диссертация негізінен бауырдың құрылысының бұзылуына және репаративті регенерациясына байланысты осы мүшенің иммундық қорғаныш қызметін атқаратын клеткаларының және перифериялық иммундық қорғаныш мүшелерінің (лимфа түйіні, көкбауыр) функционалдық аймақтарының ұйымдасып өзгеруі ксенобиотиктің әсеріне байланысты өзгерулері білім байлығын жоғарылатады. Бізге қолжетімді әдебиеттерде тек қана Ku W.W., Chapin R.E (1994) бор қышқылының бауырдың нуклеин қышқылдарының синтезделуінің азайуын көрсеткен биохимиялық зерттеу бар, дегенмен, ол көне дерек. Бор қосындыларының оның ішінде натрий тетраборатының бауырдың құрылысына оның иммундық қызметін атқаратын жасушаларына әсері және регионалдық лимфа түйіндерімен қантамырлар жолындағы лимфоидтық құрылым - қөкбауырға әсері бірінші рет зерттеліп отыр. Бұл пионерлік жұмыс. Сондықтан да бұл жұмыстың маңыздылығы өте жоғары. 19. Зерттеу нәтижелерін және алынған мәліметтерді нұсқаулық, монография жазуларында қолдануға тек ұсыныс ретінде берген. Алайда іс жүзінде жаңалық енгізу жетілдірілмеген. 19. Зерттеу нәтижелері Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің гистология кафедрасының оқу процесіне ендірілді. Оқу процесіне ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу актісі диссертацияда көрсетілген. (Қосымша А,Б,В,Г). Авторлық құқық объектісінде құқықтарды тіркеу туралы куәліктері алынды. Олар диссертацияда көрсетілген (Қосымша Д,Е). Сарапшы ескертіп көрсеткен шешімдер ғылыми дәлелдемелерге (фактілерге) сүйенбей пікір жазған. Сарапшы жеке бас араздығын алға қойып, мүмкін емес, жатпайды, жетілдірілмеген, болмайды сынды деструктивті критика айтып, себебін ғылыми тұрғыда дәлелдемеген.
Жауап
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау көмитеті (бұдан әрі - Комитет) Бердалинова Акженис Кримгереевнаның 6D110100 – Медицина мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы «Организмге натрий тетраборатының әсері кезіндегі бауыр, оның аймақтық лимфа түйіндері және көкбауырдың морфофункциональды жағдайы (тәжірибелік жұмыс)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына қатысты шағымыңыз бойынша төмендегіні хабарлайды. А.К. Бердалинованың аттестациялық ісі Комитетке 2017 жылдың 17 қаңтарда келіп түсті. Аттестациялық іс Медицина мамандығы бойынша сараптау кеңесінде 2017 жылғы 17 сәуірде қаралды және 2017 жылғы 8 маусымда ізденуші сараптау кеңесіне шақырылды. Сараптау кеңесінің құрамында 7 медицина ғылымдарының докторлары бар. Докторант А.К. Бердалинова диссертациялық жұмыстың аясында қойылған сарапшылардың сұрақтарына толыққанды жауап бере алмады. А.К. Бердалинованың диссертациялық жұмысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру қағидаларының» 4, 5-тармағына сәйкес келмейтіндігін сараптау кеңесіндегі 7 ғалым қолдады және сараптау кеңесінің қорытындысы негізінде А.К. Бердалинованың диссертациясы бойынша (2017 жылғы 8 маусымда № 850 бұйрық) теріс шешім қабылданды. Комитеттің шешіміне А.К. Бердалинованың 2017 жылғы 18 шілдеде апелляциялық өтініш түсті (кіріс № 4694). Өтінішті қарастыру үшін 2017 жылғы 31 шілдедегі № 1024 бұйрықпен апелляциялық комиссия құрылды. Апелляциялық комиссия құрамына тікелей осы тақырып аясында зерттеулермен айналысатын 3 ғалым, медицина ғылымдарының докторлары енгізілді. Сондай-ақ, шағымыңызда диссертацияның мазмұны бойынша көрсетілген контраргументтер А.К. Бердалинованың апелляциялық шағымында берілген. Апелляциялық комиссия мүшелері апелляциялық шағыммен толыққанды танысып әр тарауына нақты жауаптар берген. Апелляциялық комиссия мүшелері сараптау кеңесінің қабылдаған шешімімен келісе отырып қосымша кемшіліктер анықтады және А.К. Бердалинованың диссертациялық жұмысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру қағидаларының» (бұдан әрі-Қағидалар) 5-тармағына сәйкес келмейді деген шешім қабылдады. Сонымен қатар, сараптау кеңесінің құрамына және апелляциялық комиссия құрамында да Сіз атап көрсеткен Алмабаев Идрис Алмабайұлының немесе Алмабаева Айгүл Идрисқызының болмағанын ескертеміз. Комитеттің шешімімен келіспеген жағдайда «Ғылыми дәрежелер беру қағидаларының» 18-тармағына сәйкес сотқа шағымдану құқығыңыз бар.
08 Қазан 2017
Орынбасаров Мирас
Сұрақ
Саламатсызба! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша магистранттар шетелде оқып жатыр.Осы бағдарлама бойынша берілетін қаражат оқудың ақшасын өтей ме? Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасының ҚР БМ-гі бекіткен ережесін жібересізбе(алдынғы және осы жылғысын)???
Жауап
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша мына телефондар арқылы Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына хабарласып өзіңіздің сұрағыңызға жауап аласыз: 28-75-21, 28-75-35.
08 Қазан 2017
Уразбаева
Сұрақ
Здравствуйте, в 2006 году я закончила Казахстанско-Российский университет, училась в филиале г.Экибастуза. Сейчас на работе требуют справку подтверждение диплома, но этот Университет в 2014г.закрылся. Подскажите, пожалуйста, где мне находится архив этого заведения. В Экибастузе в архиве сказали, что этот Вуз документы не сдавал.
Жауап
Комитет по контролю в сфере образования и науки МОН РК относительно Вашего вопроса, сообщает следующее. В соответствии с пунктом 4 статьи 8 Закона Республики Казахстан «О Национальном архивном фонде и архивах» от 22 декабря 1998 года № 326 при ликвидации юридических лиц, решение о месте дальнейшего хранения документов принимается ликвидационной комиссией по согласованию с уполномоченным органом в области архивного дела и управления документацией. Следовательно, ликвидационная комиссия передает документы по личному составу и приказы по основной деятельности ликвидированной организации в соответствующий городской или районный архив на постоянное хранение. В этой связи, для получения архивной справки об обучении Вам необходимо обратиться в городской архив города Астана, куда должны быть переданы на постоянное хранение документы Казахстанско-Российского университета.

Pages