Баптар

Сұрақ-жауап

1539 сұрақтардан 26 - 30 сұрақтар
11 Қазан 2018
Қыдыралина Лазат Муктаровна
Сұрақ
Мен докторантурада 6D060200 – информатика мамандығы бойынша оқимын. Диссертация тақырыбына байланысты мақалаларымды кейін докторлық диссертацияны қорғар кезде есепке алыну үшін Қазақстандағы ғылыми журналдардың қандай сериясына бергенім дұрыс? Физико- математикалық серияға ма әлде техникалық серияға берсе бола ма? Мысалы: Известия НАН РК. Серия физико-математическая Известия НАН РК. Серия геологии и технических наук Осы ғылыми журналдың қай сериясына шыққан мақала менің мамандығыма есепке алынады?
Жауап
Сіздің мамандығыңыз бойынша көрсетілген екі саладағы да журнал есепке алынады.
10 Қазан 2018
Туймекуль Абдибековна
Сұрақ
Здравствуйте, уже третий раз задаю вам вопрос, и до сих пор на него нет ответа. 6D011400 История, есть ли по этой специальности функционирующий диссовет? Мой ребёнок уже с лета 2017 года не может защититься, так как единственный диссовет в Казнпу был закрыт долгое время. А после того как открылся, до сих пор не начинает свою работу (год как открылся , но не функционирует). Почему по всем специальностям есть 2-3 , а то и 4 диссовета? А по специальности 6D011400 История, нету вообще. Зачем наши дети обучались столько лет? Вообще эта специальность нужна в Казахстанской науке? Если людям не дают защититься, не создают условия для защиты. Пускай так и ходят, докторантами, раз уж правительству все равно защитились ли они или нет!
Жауап
В соответствии с пунктом 3 Типового положения о диссертационном совете (утвержден приказом Министра образования и науки Республики Казахстан № 127 от 31 марта 2011 года) диссертационные советы в вузах особого статуса, в том числе КазНПУ им. Абая открывает диссертационные советы самостоятельно. Диссертационный совет по указанной Вами специальности может быть открыт по заявке университета и при наличии докторантов, обучающихся в данном вузе по госзаказу
10 Қазан 2018
Кобдабаев
Сұрақ
Добрый день! Я гражданин РК аспирантуру закончил в Бишкеке и хочу защитить диссертацию в Москве. Имею ли возможность защитить свою работу бесплатно и где можно найти ссылку на этот документ. Спасибо
Жауап
Вопросы оплаты за защиту в другой стране решаются по юрисдикции той страны где вы планируете защищаться.
10 Қазан 2018
Бекболатов Габит Жахангерович
Сұрақ
Саламатсыз ба? Мен келесі сұрақ қызықтыруда: доктор философия (PhD) академиялық дәрежесін алғаннан кейін жоғары оқу орнында аға оқытушы қызметі автоматты түрде беріледі ма? Біздің университетте аға оқытушы қызметіне ауысу үшін конкурстан өту керек деп отыр.
Жауап
Бұл сұрақ Комитет құзырына жатпайды.
09 Қазан 2018
Дана
Сұрақ
Саламатсыз, 29.09.18 күні қойған сұрағым жауапсыз қалып отыр! Дегенмен, 2014 жылы Қытайда қорғалған PhD ғылыми дәрежесін тану үшін қажет нақты құжаттар тізімі қандай? себебі интернет дереккөздерінде тізім әр түрлі берілген, және тану ақылы ма? ақылы болған жағдайда банк реквизиттерін қайдан аламыз? Рахмет!
Жауап
Ғылыми дәрежелер, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін шетелде алған Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру аталған дәрежелердің баламалылығын тану арқылы жүзеге асырылады. Баламалылықты тану рәсімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру қағидаларының 20, 21, 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері және (немесе) үміткер жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша Комитет жүргізеді. Академиялық рейтингтердің топ 500 қатарына (Джао Тонг Шанхай университеті, Таймс, QS) немесе U.S. News and World Report рейтингінің ұлттық университетінің топ 200 қатарына кіретін жоғары оқу орындарында диссертация қорғаған, сондай-ақ Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалардың шетелде алынған ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері дипломдарының баламалылығын тану үшін қажет құжаттар тізімі: 1) жеке өтініш (ерікті нысанда) және (немесе) ізденуші жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты (ерікті нысанда); 2) жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі; 3) дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе дәрежені беру туралы құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы. Диссертацияларын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалар үшін апостильденген немесе қорғау мемлекетінде диссертация қорғауын легализациялайтын диплом; 4) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аты, жөні, тегінің (болған жағдайда) жазылуы туралы мәлімет; 5) жұмыс орны растаған 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда); 6) ҰМҒТСО (ерікті нысанда) диссертацияның бір данасын қабылдағаны туралы анықтамасы; Құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру қағидаларының 21 және 23-тармақтарына сәйкес келтірілген. Құжаттар папкаға құжаттар тізімімен (опись) бірге тігіледі. Тану рәсімі ақысыз өтеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы білім туралы құжаттарды және ғылыми дәрежелерді өзара тану туралы Келісімнің 6-бабына сәйкес егер Тараптар мемлекеттерінің білім беру ұйымдары немесе уәкілетті органдары берген білім туралы құжаттары және ғылыми дәрежелері апостильдеуден өткізілген болса немесе алдын ала жария етілсе білім туралы құжаттар және ғылыми дәрежелер Тараптар мемлекеттерінің аумағында танылады.

Pages