Баптар

Сұрақ-жауап

1539 сұрақтардан 1531 - 1535 сұрақтар
31 Қаңтар 2013
Нурова Сара
Сұрақ
Мен Туркменстан Республикасының Туркменбашы медицина училищесінде "Мейрбикке ісі" мамандығы бойынша дипломымымды нострификациялауға тапсырғанмын. Құжаттарым сәтті қабылданса да, алайда ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан пәндер саны бойынша 36,4 пайыз айырмашылық бар, емтихандық комиссия тестінен өту керек дейді. Бұны растап бересіңіз ба? Және бұл тек қана Астана қаласында тапсыруымыз міндеттіма? Және қандай тест сұрақтарынан болады? Алдыын ала рахмет!!
Жауап
Егер білім туралы құжаттарды сараптау барысында өткен пәндердің сағат көлемі айырмашылығы Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандартынан 35 пайыздан астам болса, онда диплом иегері өзінің біліктілігі мен мамандығын дәлелдеу үшін емтихан тапсыруға жіберіледі. Емтиханды өз мамандығыңызға сай оқу орнының мамандары жүргізеді. Емтихан тест түрінде өтеді. Толығрақ мәліметті Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығынан мына телефондар арқылы: 8 (7172) 73-17-44, 73-17-43 біле аласыз.
31 Қаңтар 2013
Зейнелханқызы Себгүл
Сұрақ
Мен Зейнелханқызы Себгүл Манголия мемілекетінен келгем мамандығым бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін дипломымды нострификатциялау үшін керекті құжаттардың ішіндегі бітірген оқу орнының лицензиясының көшірмесін натарюске қалай аудартуға болатыны жөнінде түсіндіріп берулеріңізді сұраймын? Натарюс түп нусқасы болмаса аудармайтынын айтты. Құжаттарды нострификатциялағанда электронды түрнде болама жауап жазуларыңызды сұраймын?
Жауап
Бітірген жоғары оқу орны лицензиясын нотариалды куаландыру міндетті емес. Тек, жоғары оқу орны берген лицензия көшірмесінде сол мекеменің мөрі болса жеткілікті. Құжаттарды нострификациялауға электронды түрде қабылдау тек 2014 жылдан бастап іске асады. Толығрақ мәліметті Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығынан мына телефондар арқылы: 8 (7172) 73-17-44, 73-17-43 біле аласыз.
31 Қаңтар 2013
Дуйсенова Маржан Молдакасымвна
Сұрақ
Саламатсыздар ма? PhDдоктор ғылыми дәрежесін алу үшін жалпы жарияланған мақала саны нешеу болуы тиіс? Скопус базасына кіретін шетелдік ғылыми журналдар, Tomson Reuters, халықаралық конференцияларда, ЖАК тіркеген мақалалар саны қанша болуы керек? алдын ала РАХМЕТ!
Жауап
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережесінің» 7-тармағына сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) Комитет ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс.
28 Қаңтар 2013
Докторант
Сұрақ
Құрметті Серік Әзтайұлы! Сізден осы жылғы Диссертация Кеңесі құрамынан Айткелдиева Светлана Айткелдиновнаны коспауыңызды сұраймыз. Себебі, Светлана Айткелдиновна ханымның диссертация кезінде жүріп тұруы, жолы бізге өте қымбат болғалы тұр.
Жауап
Ақпаратыңыз назарға алынды. Бірақ, диссертациялық кеңес туралы Үлгі ережесінің талаптары бойынша диссертациялық кеңестің құрамы жоғары оқу орнында Ғылыми кеңес шешімімен бекітілетінін ескертеміз.
26 Қаңтар 2013
Серікбай Раушан
Сұрақ
Cаламатсыздар ма? Мен 24.00.01 - мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғағанмын. Енді ассоц. проф. атағын алу үшін тек осы сала бойынша жұмыс істеуім керек пе, әлде филология мамандығы бойынша ала берсем бола ма? Мен қазір филология саласында қызмет етемін.
Жауап
Қауымдастырылған профессор атағына құжаттар ұсынылған жағдайда ізденушінің жарияланған еңбектері, монографиясы немесе оқулықтары және істеп жүрген қызметі де ұсынылып отырған мамандыққа сәйкес болуы қажет.

Pages