Баптар

Сұрақ-жауап

1539 сұрақтардан 16 - 20 сұрақтар
17 Қазан 2018
Ақай Тілес Төленбайұлы
Сұрақ
Сәлеметсіздер ме? Мен 1997 жылдан бері мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беріп келемін.Диплом бойынша мамандығым-есептеуіш техника мен техникалық еңбек пәнінің мұғалімі, жоғары педагогикалық білімім бар.1997 жылы мектептерге АӘД пәні енгізілуіне байланысты және сол уақыттағы кадр тапшылығына байланысты мені осы пәнге оқытушы етіп тағайындаған болатын.Ауған соғысына қатысқанмын, әскери шенім-аға сержант. Бірнеше рет қала, аудан деңгейінде семинарлар өткізгем, АӘД пәні бойынша біліктілік арттыру курстарында оқыдым.Осы пән бойынша жоғары санатым бар.Биылғы оқу жылы басында, тарификация жасау кезінде қалалық білім бөлімі дипломы сәйкес емес және біліктілік санатқа өтуге болмайды деп отыр. АӘД пәні бойынша диплом алуым керек пе?
Жауап
Кешіріңіз, өкінішке орай, Сіздің сұрағыныз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің құзыретіне кірмейді. Аталған мәселемен Сізге Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің блогына www.edu.gov.kz сайты бойынша хабарласуға болады.
16 Қазан 2018
Сапарханова
Сұрақ
Здравствуйте. Я бв хотела знать. В Урджарском районе Восточно Казахстанской облости учителя школ собирают денги на покупку кабинета робототхникй. На сколько это законно.
Жауап
Комитет по контролю в сфере образования и науки (далее - Комитет), рассмотрев Ваше обращение, в пределах компетенции сообщает следующее. В соответствии с действующим законодательством, государство обеспечивает получение гражданами Республики Казахстан бесплатного общего среднего образования в соответствии с государственным стандартом образования. Статьей 63 Закона Республики Казахстан «Об образовании» закреплено, что образовательные услуги, оказываемые организациями образования обучающимся за счет бюджетных средств, предоставляются бесплатно. Государственным учреждениям образования запрещается предоставлять обучающимся образовательные услуги на платной основе в рамках государственного общеобязательного стандарта образования. Допускается предоставление сверх требований государственных общеобязательных стандартов образования платные услуги только по организации дополнительных занятий с отдельными обучающимися по предметам сверх учебного времени, выделенного по учебному плану и программам, организации углубленного изучения с обучающимися основ наук по предметам; организации и проведению семинаров, совещаний, конференций среди обучающихся и воспитанников, педагогических работников и взрослого населения, а также по разработке и реализации учебно-методической литературы. При этом обязательным условием является наличие договора об оказании платных услуг, заключаемого с родителями или законными представителями учащегося. Относительно фактов незаконного сбора денег сообщаем, что данный вопрос входит в компетенцию правоохранительных органов.
16 Қазан 2018
Нуппаева Эльмира
Сұрақ
Салематсыздарма? Менің 2 жоғарғы білімім бар (Инженер және юрист). Жалпы еңбек өтілім 25 жыл, соның ішінде 18 жыл білім саласында қызмет еттім, атап айтқанда көлік және коммуникация колледжінде (бұрынғы кәсіптік лицейлер). "ЭВМ операторы, секретарь-референт" мамандықтарына өндірістік оқытудан дәріс бердім (облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым) І санатым бар. 2013 жылы аталмыш мамандықтар жабылуына байланысты қолыма қысқартылу туралы хабарлама берілді. бірақ құнды қызметкер екенімді бағалап, қайта даярлау курстарынан өтіп, өндіріске қажеттілігіме байланысты техникалық мамандықтар бойынша (Автокөлік жөндеуші, бульдозер, автокран машинистері, т.б.) кәсіптік піндерден (материалтану негіздері, стандарттау негіздері, еңбекті қорғау) сабақ беру жүктелді. бірақ педагогикалық білім болмағандықтан 0,5 ставка жүктемеден сағатым аспады, оған қанағаттандым. Кәсіптік пән оқытушысы қызметі бойынша санат алдым, талай конкурс, конференцияларға қатыстым.Биылғы оқу жылында жаңа басшы ауысқан, Сол кісі маған "дипломыңыз сәйкес келмейді" деп бірнеше рет ауызша хабарлама берді. Бірақ мен қайда, қалай сәйкес келмейді деген сұраққа жауап бермей отыр. Қолыма қысқаратындығым туралы хабарламада бермеді. Директормен сөйлескенімде түсінгенім мені мәжбүрлеп өз еркіммен жұмыстан шығаруға тырысатын сыңай туытты. (Жергілікті, тиісілі органдарға барғанымда) бәріде дәлел сұрайды. (жазбаша немесе аудио) ондай жоқ. Қыркүйек айына дейін осы сұрақпен алысып бармаған жерім жоқ. Қыркүйек айында өз еркіңмен "лаборанттық " жұмысқа ауысам деп арыз жаз деген. Жазбадым. Осы жерде бірінші сұрағым: Егер менің дипломым қызыметіме сәйкес болмаса қысқарту немесе басқа лауазымға ауысу туралы хабарлама берілмейме? (Оның үстіне еңбек ақым 50 пайызға қысқартылып отыр). Егер берілсе мен келіспесем не болады? Келесі сұрағым: Колледждердегі кәсіптік пәндерден (материалтану, еңбек қорғау т.б.) қандай мамандар беру керек? Барлық колледждерде техникалық білімі бар мамандар беріп отыр (Себебі Қазақстан бойынша кәсіптік пәндер оқытушысы деген маман дайындалмайды). Тағы бір сұрақ: Осы жылға дейін бірнеше тексерістер келіп отыр, сонда ол комиссия құрамындағы адамдар қайда қарады егер менің дипломым бұл салаға сәйкес келмесе (біздің қазіргі басшының айтуынша олар көздерін жұмып қараған дейді) Жергілікті білім дипартамендіне хат жазып осы пәндерден сабақ беруге рұқсат алған анықтамам бар. (басшы ондай бір жапырақ қағазды менсінбеймін дейді) Маған жергілікті органдардың сөзі өтпейді қолыңнан келсе министірден қағаз ал деген. Осы шаралардан кейін армен қарай қандай іс-қимыл жасауым кере. қайда барам, қайда жазам? Қазыргі таңда бала-шағамды асырау үшін әр жерде ақша табуға тура келіп отыр (жалғыз басты анамын), оның үстіне әлі күнге лабаранттыққа ауысқан жөнінде бұйрықта жоқ, лауазымдық міндетімде көрсетілмеген. Неге сонша ұзақ? Осыларды ескеріп қайда шағым жаза алама және қандай дәлел құжаттар керек? Рахмет. жауап күтем.
Жауап
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Сіздің өтінішіңізді қарап, өз құзыреті шегінде келесіні хабарлайды. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 1-тармағына сәйкес, педагогтік қызметпен айналысуға тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.
15 Қазан 2018
Балмаханбет Ақерке Құрбанəліқызы
Сұрақ
Сəлеметсізбе.Мен ХҚТУ-нің 4 курс студентімін.Медицина факультетінде ақылы оқимын.Биыл анам қайтыс болып төлеуге ақшам болмай жатыр.Əкеммен ажырасқан.Інім бар.Ол өз қамқорлығымда.Оқу үлгерімім жақсы.Маған жеңілдіктер жасалынады ма?Мен 3 жыл ақша төлеп оқып жатқан соң оқуды тастағым келмиді.
Жауап
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 6 тармағана сәйкес ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Білім беру ұйымы мен студенттер арасындағы шарттық және құқықтық қатынастарға қатысты даулы мәселелер азаматтық заңмен реттеледі және сот қарауына жатады.
15 Қазан 2018
Ақай Тілес Төленбайұлы
Сұрақ
Салеметсіздер ме? Менің өткенде қойған сұрағыма жауап неге келмей жатыр?
Жауап
Ақай Тілес Төленбайұлы деген тұлғадан өтініш түскен жоқ.

Pages