Баптар

Сұрақ-жауап

1545 сұрақтардан 1491 - 1495 сұрақтар
22 Сәуір 2013
Байжанов Марлан
Сұрақ
Саламатсіздер ма! Мен Философия (PhD) докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру туралы (2012 ж. 11.05, № 614 Комитет бұйрығы) бар, бірақ осы уақытқа дейін әлі дипломмызды алмадық, формасы бекітілмеді деп айтып едіңіздер. Енді осы уакытқа дейін не болды екен соны білейін деп едім.Алдын ала рахмет!
Жауап
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелері дипломдары казіргі кезде Банкноттық фабрикада даярлануда. Дипломдар жазылып толық дайын болғанда Комитеттің сайтында хабарлама болады.
22 Сәуір 2013
Докторанты
Сұрақ
Сәлеметсіз бе! Мен үшінші курс докторантымын. Биыл наурыз айында,яғни 2013, WASET атты шетелдік дүние жүзілік конференция жинағына мақаламыз жарияланды. WASET 2011 Thomson базасында 0,133 инпакт-факторымен тур. Биыл біз қорғауға шығамыз. Осы арқылы біз қорғауға шыға аламыз ба? Рахмет.
Жауап
Ғылыми дәрежелер беру Ережесінің 7-тармағына сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) Комитет ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс.
22 Сәуір 2013
Назар Динара Кыстаубайқызы
Сұрақ
Саламатсыздарма. Мен Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының медико профилактикалық ісі факультетінің 2007 ж. түлегімін. 2007-2010 ж аралығында ізденуші болып НЦГТиПЗ да кандидаттық жұмыс жазып Ғылыми кеңестен өттім. Мен шет елден осы жұмысты қорғасам настрификация жасалынадыма Қазақстанда. Ғылым заңынан бұл жөнінде таба алмадым. Жауап күтем. Рахмет.
Жауап
Шет елде қорғаған кандидаттық ғылыми дәрежесі дипломын алған жағдайда дипломыңыздың баламалығын тану рәсімінен өту мүмкіндігіңіз бар. Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің 20-тармағына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген) Қазақстан республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану осы Ереженің 21, 22 – тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері немесе олар жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге шетелде меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттрына сәйкестігін анықтау рәсімі өтеді. Қажетті құжаттар тізімін Комитеттің www.educontrol.kz. сайтынан таба аласыз.
20 Сәуір 2013
Бекбосынов Ермек Туленович
Сұрақ
Заң ғылымдары (оның ішінде, құқықтану және халықаралық құқық) бойынша ВАК бекіткен қандай журналдар бар?
Жауап
Заң ғылымдары бойынша Комитет ұсынатын журналдар тізімі туралы ақпаратты Комитет сайтынан (www.educontrol.kz) алуыңызға болады.
20 Сәуір 2013
Магистрант
Сұрақ
Салематсызба! Магистранттар канша макала жариялауы кажет? миндетти ВАК журналдарын кайдан билсе болады?
Жауап
Бұл мәселеге байланысты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне хабарласуыңызға болады

Pages