Баптар

Сұрақ-жауап

1522 сұрақтардан 1431 - 1435 сұрақтар
20 Маусым 2013
измаилов мади муртахнаулы
Сұрақ
Сәлеметсіздерме мен Семей каласында орналасқан Қайнар Семей университетінің студентімін!Сізге қояр сұрағым Қайнар СЕМЕЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЛИЦЕНЗИЯСЫ ҚАЙТАРЫЛДЫМА? ЖАҢА ЛИЦЕНЗИЯ БОЙЫНША УНИВЕРСИТЕТТІҢ АТАУЫ ӨЗГЕРДІМЕ?
Жауап
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 –бабының 1–тармағының 3–тармақшасына сәйкес және Семей мамандандырылған әкімшілік сотының 2013 жылғы 29 наурыздағы №3-1689/13 шешімі негізінде «Қайнар» (Семей) университеті мекемесінің білім беру қызметі тоқтатылды, қолданыстағы лицензия қайтарылды. Осыған байланысты, «Қайнар» (Семей) университетінің студенттері жаңа құрылған «Қазақстан инновациялық университетініе» ауыстырылды.
20 Маусым 2013
Сарманбетова Анар Айтқалиқызы
Сұрақ
Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің бастығы Ирсалиев С.А. мырзаға Алматы облысы, Ескелді ауданы , Алдабергенов ауылы, М. Байысов орта мектебінің түлегі Сарманбетов Санжардың анасы Сарманбетова А.А. – дан. Өтініш Менің өтініш беру себебім , сізден өтініп сұраймын, менің баламның жауаптарын дұрыстап қарауыңызды өтінемін. Біз 2013 жылдың 7-ші маусымында Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 3 лекпен 9 аудиторияда тест тапсырдық. Менің баламның жалпы балы : 114 балл. Соның ішіндегі физика пәнінің 1247-ші 24-ші сұрақ жауабы бойынша балам жауабын түсіндіреді. 1247-ші нұсқаның 24-ші есеп: Адиабаталық процесс кезінде массасы 4 г газдың температурасының өзгерісі Т 30 -қа кемиді. Газдың осы кезде атқаратын жұмысы ( ). Берілгені: m 4 г Т 30 R 8.31 A-? СИ 4 кг 30+273 303 К Шешуі: Адиабаталық процесс кезінде газдың атқарған жұмысы газдың ішкі энергиясының өзгерісіне тең. А A R T Жауабы: А Е) жауабы болу керек. Ал сіздердің берген жауаптарыңыз бойынша: Берілгені: m 4 г Т 30 R 8.31 А-? СИ 4 Шешуі: А A R T A Жауабы : А С) жауабы дұрыс деп. Бұл- жауапта температура Кельвин шкаласына аударылмаған, сол себепті Кельвин мен Цельсий шкалаларының өлшем бірліктері қысқартылмайды. Сондықтан жауап болу керек. Кітапшадағы есептің шартында Т 30 К болғанда, сіздің жауаптарыңыз дұрыс болады. Кітапшада Т 30 болғандықтан менің жауабым дұрыс деп санаймын. Бұл жауапты дәлелдеу үшін мен мына оқулықты пайдаландым: 10 – шы сыныпқа арналған физика кітабы, жаратылыстану – математика бағыты, авторлары: Н. Қойшыбаев, Б. А. Кронгарт, В.И. Кем. Алматы «Мектеп» 2006 ж. 5-тарау параграф 5.1, 5.2 123 бет. Біз 8 маусым күні аппеляция комиссиясына барып, өз жауабын Талдықорғанда Жетісу мемлекеттік университетінде дәлелдеп берді. Ол жерде екі мұғалім сол есепті дұрыс деп айтты. Бірақ Астанадан келген жауап бізді қанағаттандырмайды. Сондықтан сіздердің көмектесулеріңізді өтінемін. Менің балам «Алтын белгіге» үміткер. Сол бір балл бар өмірін шешіп тұр. Мен жалғыз басты анамын. Қазақ халқы өз баласын құрметтеп өсірмесе, не тәйірі ? Сонда менің балам бір балл үшін өз өмірін қор етпек пе? Алыстағы ауыл болса да, 1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейін тек қана 5 деген бағаға оқып келді. Аудандағы жарыстарда, басқада бірнеше жарыстарда қаланың балаларынан қалыспай математика пәнінен орын алып осы ауданның, мектептің атын шығарды. Баланың еңбегі еш кетпес үшін анасы ретінде сіздерден көмектесер деп үміттенемін. Қаланың балаларынан кем қалмай 114 балл алды. Ел басы Н.Ә. Назарбаевтың айтуы бойынша ауылды көтеру мәселесі жоғары дәрежеде болса, неге сіздер ауыл балаларына мән бермейсіздер? Қала баласы мен ауыл баласының жағдайын салыстырып ауыл баласына көмектесулеріңізді сұраймын. Мен баламды жалғыз өсірсем де, ешкімнен кем болсын демеймін. Сіздің көмегіңізге зәруміз. Сізден жауап күтеміз. Сарманбетов Санжардың анасы Сарманбетова Анар Айтқалиқызы. 10.06.13 жыл
Жауап
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу қағидаларына сәйкес ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау және бітірушілердің құқығын қорғау мақсатында комиссия құрастырылған. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныстардың негізділігін қарайды және соңғы шешім қабылдайды. Егер «Алтын белгі» үміткеріне бір балл жетпесе, үміткерге жоғары оқу орнына түсерде артықшылығы бар үздік куәлігі беріледі.
19 Маусым 2013
ибраева шарбану габбасовна
Сұрақ
Сәлеметсіздер ме? Менің балам биыл 5- ші маусым айында Аягөз қаласында ҰБТ тапсырды. Менің балам алтынға үміткер еді,пробный тест жинақтарынан үнемі 121 - 125 балл алып жүрді. ҰБТ кезінде стресс әсерінен физика пәнінен 2 деген баға алып қалды. ҰБТ тапсырып жатқан кезде, сол тапсырып отырған аудиторияның терезесі сынып, терезенің қасында отырғандықтан орны ауыстырылыпты.ҰБТ ны қайта тапсыруға бола ма?Ондай мүмкіндік бере аласыздар ма?Қазіргі жағдайыы өте нашар, стрессті қатты алды...Баламның өмірі үшін алаңдаймын!
Жауап
Өкінішке орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу қағидаларына сәйкес, ҰБТ-ны қайта тапсыруға болмайды.
18 Маусым 2013
Аташов Алмат Габитовұлы
Сұрақ
Ассалаумағалейкум!Менің інім - 4 маусым күні ҰБТ тапсырды.Өзі Алтын Белгіге үміткер еді.Жалпы ұпайы - 116.Математика пәнінен-19,негізі 20 есеп шығарған.14-інші есепті сұрақ кітапшасына дұрыс шығарып,бояр кезінде автоматты түрде қателесіп кеткен,бәрімізде пендеміз ғой,қателеспейтін адам болмайды .Сізден сұрайтыным - сол сұрақ кітапшасын қарап,есептің дұрыс шығарылғанына өз көзіңізді жеткізіп,1 балын қосып беруіңізді сұраймын! 1 балл үшін інімнің тағдыры шешілейін деп отыр...
Жауап
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу Нұсқаулығына сәйкес аудиториялар бойынша кезекшілер жауап парағы тестілеуге қатысушының білімін растайтын жалғыз құжат екені, ол бір данада ғана берілетіні және оны ауыстыруға болмайтыны туралы нақты ескертеді. Бітірушілер осы ақпаратты еске сақтап, жауап парағын өте мұқият толтыру керек. Егер «Алтын белгі» үміткеріне бір балл жетпесе, үміткерге жоғары оқу орнына түсерде артықшылығы бар үздік куәлігі беріледі.
18 Маусым 2013
Алимхан Айгуль Асетовна
Сұрақ
Мен кандидаттық диссертациямды қазақ тілінен қорғаған едім. Қауымдастырылған профессор атағын алу үшін импакт-факторы бар журналдарда мақала жариялау керек екен. Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдардың тізімін жариялауларыңызды өтінемін. Қазақ тілі бойынша жазылған ғылыми мақалалардың олар үшін қызығушылық туғызатындығына күмәным бар. Қауымдастырылған профессор немесе профессор атқтарын алудың басқа жолдарын (мысалы 2 монография т.б.) қарастырылса жақсы болар еді. Рахмет.
Жауап
Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар журналдар туралы ақпаратты Ғылыми-техникалық ақпарат ұлттық орталығынан алуға болады. Сонымен қатар, көпшілік Қазақстандық ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың осы базамен тегін жұмыс жасауға мүмкіндігі бар. Аталған базаларға кіретін басылымдарда қазақ тілі бойынша докторанттардың жариялаған мақалалары бар.

Pages