Баптар

Сұрақ-жауап

1537 сұрақтардан 1421 - 1425 сұрақтар
19 Қазан 2013
Утегенов Жеткерген
Сұрақ
Мәскеуде кандидаттық диссертация қорғау үшін Ресейдегі ВАК журналдарына шыққан үш мақала Қазақстанда дипломды нострификацилау талаптарында көрсетілген үш мақала ретінде санауға жарайды ма екен? 2. Кандидаттық ғылыми дәреже алған елде шыққан халықаралық конференция мақалалары Қазақстанда нострификациялау талаптарындағы халықаралық конференция мақалалар ретінде есептеле ме екен?
Жауап
Ресейдегі ВАК журналдарында жарияланған ғылыми еңбектеріңіз Комитет ұсынатың ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар ретінде есептеледі. Егер диссертация шетелде қорғалған болса, Қазақстан азаматтары үшін халықаралық конференция материалдары ретінде қорғау өткен мемлекетте және елімізде өткен конференциялар саналмайды.
17 Қазан 2013
Шәкенова Ақсәуле Сәметқызы
Сұрақ
Сәлеметсізбе! Нұрбек Әбубекұлы Оршыбеков – Алматы қаласының білім саласындағы бақылау Департаментінің басшысы Менің сізге қоятын сұрағым балабақша жөнінде. Мен Шәкенова Ақсәуле Қызылорда облысы Шиелі ауданында №1 "Аққайың" балабақшасында музыка пәнінен сабақ беремін. Балабақшада 150 бала тәрбиеленеді, яғни 6-топтан тұрады. Бес күндік жұмыс. Мен 6-топқа сабақ беремін,бірақ ставкам-1 осылары дұрыс па?Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2008 жылғы 30 қантардағы№ 77 қаулысы бойынша менің әрбір тобыма 0,25 штат бірлігімен төлену керек.Бірақ маған ол сағатты төлеп отырған жоқ.Осы мәселені хат түрінде мекемеге жібере аласыздар ма Мекен жайы: Қызылорда облысы Шиелі ауданы №1"Аққайың" балабақшасы Байтұрсынов көшесі 15үй тел: 8(72432)4-5-16
Жауап
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті өкілді органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы жергілікті атқарушы органдар ұсынған білім беруді дамыту бағдарламаларын бекітеді, олардың орындалуын қадағалайды. Осыған байланысты, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қаржы бөлуді қарастыру білім саласындағы жергілікті атқарушы органның құзыретінде екенін хабарлаймыз.
16 Қазан 2013
Молдасанов Ерсайын Мышанұлы
Сұрақ
1. Қазақ тілі және әдебиеті, тарих саласы бойынша жазылған мақалалардың Импа́кт-фа́ктор (ИФ, или IF) журналында шыққандығы қаншалықты маңызды? 2.БжҒК саласы ұсынған ғылыми журналдар тізімі қандай?" әр сала бойынша" 3. Қырғыз, Ресей елдерінен қорғалған докторлық жұмстар ҚР-да негізделеді ме? қорғауға болады ма? 4. Қайта канд.доктр. кеңестер ашылады ма? 5. Магистр мамандығымен ЖОО -да жұмыс істеуге болады ма? рахмет,
Жауап
1. Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарына ізденушілердің міндетті түрде Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақалалары болуы керек. PhD докторы диссертация қорғау үшін аталған журналдармен қатар Scopus базасына кіретіндері де есептеледі. 2. Комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізімін барлық мамандақтар бойынша www.educontrol.kz. сайтынан көруіңізге болады. 3. Шет елде алған ғылыми дәрежеде алған дипломның баламалылығын тану Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің 20-тармағына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген) қарастырылады. Сонымен бірге шетелде меңгерілген кәсіптік білім беру (аспирантура неме докторантураның күндізгі бөлімі) бағдарламаларының қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсімі өтеді. 4. Қазіргі таңда Қазақстанда диссертациялық кеңестерде PhD докторлық диссертациялар ғана қорғалады. 5. Магистр мамандығы бойынша алған біліміңізге ЖОО-да сұраныс болса жұмыс істеу мүмкіндігіңіз бар.
16 Қазан 2013
Байзак Усен Ахметұлы
Сұрақ
2010 жылға дейін ғылым докторлығын қорғаған, қазір проф. атағына үміткерлер үшін 2010 жылы комитет тізбесінде болған, соңғы тізімге енбеген журналдарда жарияланған ғылыми еңбектер проф атағын алу үшін өз күшін сақтай ма Байзак Усен Ахметұлы, ХҚТУ
Жауап
Ғылыми мақалаларыңыз Комитеттің ғылыми басылымдарында 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарияланған болса есептеледі. 2013 жылдан бастап жарияланған мақалалар білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынатын ғылыми баспалардың жаңа тізімінде жарияланса ғана саналады.
10 Қазан 2013
Найманбаев Б.Р.
Сұрақ
Шет елден қорғап келген ғылыми дәрежені нострификациядан өткізу үшін: "диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс"-деп көрсетілген. 1 .Сұрақ.жоғарыда келтірілген мәліметтер кандидаттық қорғағанға дейін бе,әлде кандидаттық қорғап,ол бекітіліп,кандадаттық диплом алып,нострификациядан өткізу үшін ғана дайындалады ма? 2. Сұрақ.Магистр магистратурада сабақ бере алады ма?
Жауап
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережесіне» (бұдан әрі - Ереже) және 2013 жылғы 30 мамырдағы № 214 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес шетелде алған ғылыми дәрежесінің баламалылығын тануға құжаттарын ұсынған тұлғалар үшін аттестациялық ісі Комитетке ұсынылған мерзімге дейін жарияланған ғылыми еңбектер ескеріледі. Бұл ретте диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымы, оның ішінде кемінде дегенде 3 (үшеуі) уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда немесе 3 (үшеуі) диссертация қорғалған елдің ғылыми басылымдарында, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми басылымда және 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалдарында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалдарында (Қазақстан Республикасында және (немесе) диссертация қорғалған елде өткізілмеген) жариялануы тиіс. Магистр магистратурада сабақ беру мәселесі Жоғары оқу орнының әкімшілігінің құзыретіне жатады.

Pages