Баптар

Сұрақ-жауап

1363 сұрақтардан 1351 - 1355 сұрақтар
12 Ақпан 2013
Мирзаева Райхан
Сұрақ
1. Мен Қарақалпақстан Республикасы Әжинияз атындағы Нөкіс Педагогикалық Мемлекеттік Институтының ағылшын тілі бакалавры дипломын 2012 жылы нострификациядан өткізіп, "екі шет тілі" мамандығына сәйкес куәлігін алдым. Мамандығым ағылшын тілі, ал мұғалім ретінде осы нострификациялау куәлігіне сәйкес екінші шет тілі - неміс, француз, т.б. тілдерді оқытып қызмет жасай аламын ба?
Жауап
Сіздің Ажинияз атындағы Нүкіс педагогикалық университетін бітіргені туралы дипломыңыз нострификация үрдісінен өтіп «екі шетел тілі» мамандығы бойынша берілген себебі, Сізде өткен пәндер көлемі бойынша Қарақалпақ тілі басым болды. Сол себептен Сізге ағылшын тілі мен қоса қарақалпақ тілі мамандығы берілді. Осыған орай, Сіз ағылшын және қарақалпақ тілдерінен дәріс бере аласыз. Толығырақ мәліметті Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығынан мына телефондар арқылы: 8 (7172) 73-17-44, 73-17-43 біле аласыз.
11 Ақпан 2013
Рая
Сұрақ
Саламатсыздар ма? Менин кояр сауалым мен 3 курс докторантымын. Импактфактор журналына макалам але жарык кормеди. Филология бойынша барлык жерде очередь. урналга шыгады деген аныктама болса коргауга жибериледи ме?
Жауап
Қорғауға шығарға дейін мақалаңыз Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда шығу керек.
05 Ақпан 2013
Душаева Лаура Жанедиловна
Сұрақ
Салематсыздар ма!мен 6D120100 - Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша ҚҰАУ 3 докторантымын. осы жылдың мамыр айында Латвия Республикасында өтетін "2013 жылдың ауыл шаруашылық райондарын дамыту" деп аталатын Жыл сайынғы өтетін 19 - шы Халықарарлық ғылыми-техникалық конференцияға қатысамын. Конференция материалдары AGRIS; CAB ABSTRACTS; CABI full text; EBSCO Academic Search Complete; Thomson Reuters Web of Science; Elsevier SCOPUS базаларына енгізіледі делінген. осы материал диссертациялық жұмысты қорғау кезінде Thomson Reuters немесе Elsevier SCOPUS базасына енген мақала ретінде қабылдана алама ?
Жауап
Егер конференция материалдары Thomson Reuters базасында нолдік емес импакт-факторы ие болса немесе Scopus базасында болған жағдайда олар философия докторы ғылыми дәрежесіне ұсынылған аттестациялық істер қаралғанда саналады.
31 Қаңтар 2013
Айғалин А.A.
Сұрақ
Мен мынадай сұрақтар бар: 1) "ғылым кандидаттары" халықаралық стандарты бойынша қандай елдерге нострификациялауға жарайды? "ғылым кандидаты" дәрежесі Батыс Европа елдерінде қандай дәрежемен бірдей қолданылады? Себебі "PhD" дәрежесі шетелге оңай нострификацияланады және сол дәрежеде қалдырады. 2) Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына сәйкес, "ғылым кандидаты" дәрежесі "PhD" дәрежесімен бірдей болғандықтан, "ғылым кандидатын" "PhD" ауыстырып нострификациялауға бола ма? егер болған жағдайда қандай нормативтік құқықтық актілерге жүгінуге болады?
Жауап
Қазақстан Республикасында қорғап алған кандидат ғылыми дәрежесі философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ауыстыру қолданыстағы заңнамада көрсетілмеген.
31 Қаңтар 2013
Нурова Сара
Сұрақ
Мен Туркменстан Республикасының Туркменбашы медицина училищесінде "Мейрбикке ісі" мамандығы бойынша дипломымымды нострификациялауға тапсырғанмын. Құжаттарым сәтті қабылданса да, алайда ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан пәндер саны бойынша 36,4 пайыз айырмашылық бар, емтихандық комиссия тестінен өту керек дейді. Бұны растап бересіңіз ба? Және бұл тек қана Астана қаласында тапсыруымыз міндеттіма? Және қандай тест сұрақтарынан болады? Алдыын ала рахмет!!
Жауап
Егер білім туралы құжаттарды сараптау барысында өткен пәндердің сағат көлемі айырмашылығы Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандартынан 35 пайыздан астам болса, онда диплом иегері өзінің біліктілігі мен мамандығын дәлелдеу үшін емтихан тапсыруға жіберіледі. Емтиханды өз мамандығыңызға сай оқу орнының мамандары жүргізеді. Емтихан тест түрінде өтеді. Толығрақ мәліметті Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығынан мына телефондар арқылы: 8 (7172) 73-17-44, 73-17-43 біле аласыз.

Pages