Баптар

Сұрақ-жауап

1363 сұрақтардан 1296 - 1300 сұрақтар
16 Мамыр 2013
Орынбасарова Акку Елемесовна
Сұрақ
Саламатсыздар ма? Білгім келгені - мен 2003 жылы магистратурага түсіп, 2005 жылы аяқтадым , "филология магистрі" ғылыми атағын иелендім. Аспирантураға түсіп, жалғастыруға отбасы жағдайларына байланысты мүмкіндік болмады. Бүгінгі күн талабына сәйкес заңдылықтар шеңберінде осы магистрлік дәреже арқылы "ғылым кандидаты" атағына қол жеткізуге мүмкіндігім бар ма? Алдын ала рахмет!
Жауап
Қазіргі кезде Қазақстанда ғылым кандидаты деген ғылыми дәреже берілмейді. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы 1-бабының 28-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тиісті мамандықтар бойынша докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже философия докторы (РһD), бейіні бойынша доктор . Осыған байланысты ғылыми дәреже алу кәзіргі таңда тек РһD докторантура арқылы ғана жүзеге асады. РһD докторантураға түсу үшін алдындағы білім сатысы міндетті түрде магистратура болуы шарт. РһD докторантураға қабылдау ережесімен танысу үшін сіз Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаментіне хабарласыңыз. Байланыс телефондары 74-25-26; 74-25-27.
16 Мамыр 2013
Нурмаганбет Ермек
Сұрақ
Салемітсіздер ме! Өткен мерекелерініз кутты болсын. Біз Нұрмағанбет Ермек Талантұлы және Накишева Махаббат Кенжехановна Қырғыз елінен кандидаттық диссертациямызды қорғап келіп, осы жылдың сәуір айында Сіздерге құжаттарымызды тапсырған болатынбыз. Кіріс нөмерлері К-98/10-4 және К-97/10-4 болатын. Білейін дегеніміз қазіргі таңда қай жерге келді, эксперттік кеңес құрамын біле аламыз ба? Алдын ала рахмет.
Жауап
Сіздердің құжаттарыңыз 2013 жылдың 4 сәуірінде Комитетке келіп түсті, Қазіргі кезде бекітілген талаптарға сәйкес қарастырылуда.
16 Мамыр 2013
Бейсенбі Нұрай
Сұрақ
Саламатсызар ма? Докторлық диссертацияда зерттеу объектісіне оқушыны алуға бола ма? PhD докторлықта бастауыш сынып оқушыларын неге зерттеп жүр деген дауға қалмайма ертен қорғайын кезде? екінші сұрағым шетелдік жетекші (консультант) болуы шарт. Сол шетелдік жетекші міндетті түрде доктор болуы шарт па және қорғайтын кезде келуі тиіс пе?
Жауап
Докторантурада дәріс алып жүрген мамандығыңызды ескере отырып және өзіңіздің ойыңызда жүрген көкейтесті мәселелерді ғылыми ортада (ғылыми жетекші, оқытушылар, ғылыми кеңес) талқылап, сол мәселенің шешімін табатын тақырып туындайды. Шетелдік жетекші міндетті түрде ғалым болу керек. Қорғауға келу міндетті емес, пікірін жіберсе жеткілікті.
14 Мамыр 2013
Басыгараев Жандос Махабатович
Сұрақ
Саламатсыздар ма? Менің сізден сұрарым мен 2013 жылдың 12 ақпанында Ресейдің жаратылыстану академиясының профессоры атандым. Осы алған дипломымды Қазақстанда саналуы үшін не істеуге болады. Жауап берулеріңізді сұраймын. Құрметпен Жандос Махабатұлы.
Жауап
Сіздің Ресей жаратылыстану академиясының профессоры аттестатыңыз тек Ресей Федерациясы Жоғары аттестациялық комиссиямен немесе Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігімен берілген жағдайда ғана, Қазақстанда тану үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінің» талаптарына сәйкестендіріп Комитеттің қарауына ұсыну мүмкіндігіңіз бар.
06 Мамыр 2013
Бекмағмабетов Шанжархан
Сұрақ
Көп жылдық еңбегімнің нәтижесі болып табылатын ғылыми монографиямды баспадан шығару үшін университет ғылыми кеңесінің шешімін алуға ұсынғанмын. Эксперт тағайындалып, оң пікір айтылды, бірақ импакт-фактор басылымынан мақала шығуы қажет деген себеппен шешім шығарылмай отыр. Импакт фактор туралы мәселе жаңадан қолға алынып жатыр ғой, мақала шығару ұзақ уақытты алатыны бар, дайын жұмыс тұрып қалатын болып отыр. Тақырып бойынша шетелдік және отандық басылымдарда жарияланған 40 қа жуық мақалаларым бар. Сұрағым – импакт-фактордан мақала болу ғылыми монография шығару үшін міндетті ме? Рахмет!
Жауап
Ғылыми монография шығару үшін Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялау міндетті емес.

Pages