Баптар

Сұрақ-жауап

1475 сұрақтардан 1266 - 1270 сұрақтар
05 Қыркүйек 2014
Султанбеква М.Ж.
Сұрақ
Салеметс1бе! Мен жас ата-ана меним 2 ул 1 кызым бар, кызым Аруна Нурланкызы 3 сынып окушысы 1 кыркуйек кун сынып жиналыс болганда к1тап барлык окушыга жетед1 деген ед1 3 кыркуйек куни мен ата-ана сынып жетекшисине жолыкканымда кызынызга китап жетпейди оздериниз сатып алыныздар деген жауап алдым китап жетпей калды деди. 5 кыркуйек куни к1тапханага барганымда барлыгына жетк1л1кт1 барлыгына бер1лд1 дед1. жагдайлары оте жаксы отбасына берилген. жылда осы суракка келгенде алалап ким подарка береди солардын балдарына жаксы карап котермелейд1. 1 к1таптын куны 950тг.неге сондай кымбат сельский местностка неге б1р1нш1 очередьте карамайсыздар шара колданбаса призидентке жазуга тура келед. Рахмет!!!
Жауап
Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығының 2 тарауының 11 тармағына сәйкес мемлекеттік мектептерде білім алушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
04 Қыркүйек 2014
Сәулен Нұржан
Сұрақ
сәлеметсіздедер ме! маған Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, халықаралық ынтымақтастық департаментінің сайтын немесе телефон номерін көрсетсеңіз. қоятын сұрағым сол салаға қатысты.
Жауап
Министрадің блогына (www.edu.gov.kz) немесе 74-25-27, 74-25-25
03 Қыркүйек 2014
Досжанов Ерлан Оспанович
Сұрақ
Саламатсыздар ма! Менің бір сауалым (сұрағым) бар еді: Ассоцирленген профессор (доцент) атағын алу үшін кем дегенде THOMSON REUTERS базасында 2 (екі) ғылыми мақала жариялау керек... Біздің төмендегі аталған (жарияланған) мақалалар ассоцирленген профессор (доцент) атағын алуға жарамды ма? Себебі бұл мақалалар THOMSON REUTERS базасында тіркелген емес пе! Рахмет! 1. Ways of Using Rubber Crumb from Worn Tires By: Tileuberdi, Ye; Ongarbayev, Ye K.; Mansurov, Z. A.; et al. Edited by: Rui, H Conference: 2nd International Conference on Mechanics and Control Engineering (ICMCE 2013) Location: Beijing, PEOPLES R CHINA Date: SEP 01-02, 2013 Sponsor(s): SW Jiaotong Univ ADVANCED RESEARCH IN MATERIAL SCIENCE AND MECHANICAL ENGINEERING, PTS 1 AND 2 Book Series: Applied Mechanics and Materials Volume: 446-447 Pages: 1512-1515 Published: 2014 Full Text from Publisher View AbstractView Abstract Times Cited: 0 (from All Databases) 2. The Study of Biodegradation of Diesel Fuels by Different Strains of Pseudomonas By: Doszhanov, Ye O.; Mansurov, Z. A.; Ongarbaev, Ye K.; et al. Edited by: Zhang, T; Wang, Y Conference: International Conference on Materials Science and Mechanical Engineering (ICMSME 2013) Location: Kuala Lumpur, MALAYSIA Date: OCT 27-28, 2013 MATERIALS SCIENCE AND MECHANICAL ENGINEERING Book Series: Applied Mechanics and Materials Volume: 467 Pages: 12-15 Published: 2014
Жауап
Сіз көрсеткен ғылыми еңбектеріңіз конфренция материалдарында жарияланған. Томсон Рейтер ақпараттық базасындағы Web of science платформасында конференция материалдары да анықталады және оларға берілген сілтемелері көрсетіледі. Бірақ, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін ғылыми еңбектеріңіз осы аталған базаға кіретін және нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда жарыққа шығу қажет.
03 Қыркүйек 2014
Насимов Мұрат Өрленбайұлы
Сұрақ
Сәлеметсіздер ме!!! Менің кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Философия, мәдениеттану, саясаттану" сериясына 3 ғылыми мақалам жарияланған болатын. Комитет талаптарына сай 2012 жылдың 31 желтоқсанында журнал қолданыстан шықты. Менің білгім келетіні бүгінде бұл серия Комитет тізіміндегі журналдар қатарына жата ма??? Екінші сауалым: саяси ғылымдар бойынша Комитет тізіміне қанша журнал енеді? "2014 жылғы 5 шілде айына арналған өзгерістермен ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Комитеттің ұсынған ғылыми баспалары" менюінде ақпарат жаңартылмаған сияқты. Себебі, 2013 ж.20 тамыздағы N 1201 Комитет бұйрығына сәйкес "Адам әлемі", "әл-Фараби" журналдары осы тізімде екендігі сайтта көрсетілген. Қай ақпаратқа сенуімізге болады??? Жалпы сайтта барлық ақпаратты өз уақытысында қоюларыңызды өтінеміз. Рахмет!!!
Жауап
Казіргі кезде «ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Философия, саясаттану, мәдениеттану сериясы» журналы Комитет ұсынатын ғылыми баспалар Тізіміне кіреді. Комитеттің сайтында 2014 жылғы 5 шілдедегі бұйрықпен енгізілген өзгерістеріне сәйкестендірілген Тізім көрсетіліп тұр.
01 Қыркүйек 2014
Сарсебаев Дармен Әлнұрұлы
Сұрақ
Сәлеметсіздер ме, мен, Сәрсебаев Дәрмен Әлнұрұлы, мынадай сұрақтарыма жауап берулеріңізді сұраймын. Мен биылғы 2014 жыл 20 шілдеде жоғары оқу орына түсу үшін - талапкерлердің кешенді тестілеу емтиханын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында тапсырдым. Тестілеу нәтижесі бойынша жинаған балым - 60. Өзім білімім орта кәсіптік және техникалық оқу орыны - Алматы облысы, Талғар қаласындағы Д.Қонаев атындағы заң колледжінің 0201000 - "Құқықтану" мамандығы. Мемлекеттік гранттқа үміткер ретінде шілденің 31 күні қажетті барлық құжаттарымды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қабылдау комиссиясына тапсырдым. 2014 жылдың 10 тамызында ақпараттық құрал - "Егеменді Қазақстан" газеті арқылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының сыртқы бөлімінің 5В011500 -"Құқық және экономика негіздері" мамандығының грантын ұтып алғанымды білдім. Тамыздың 24 күні Павлодар мемлекеттік пелагогикалық институтының қабылдау комиссиясына құжаттарымды тапсырдым, менің құжаттарымды қабылдап отырған техникалық хатшы гранттың берілуінде қателік кеткенін айтты, қысқасы, 2010 жылғы 21 маусымдағы № 316 бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтардың жіктеуіші мен Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің сәйкестік кестесін бекіту туралы" сәйкестік кестесі бойынша орта кәсіптік 020100 - "Құқықтану" мамандығым жоғары білім беру мамандығына 05011500 - "Құқық және экономика негіздері" сәйкес келгенімен, квалификациялық талапқа сай келмейтінін айтты. Мен онымен келіспейтінімді айттым, өйткені квалификалық талапқа сай келмегенімен, оқу жоспарының бағдарламасында ешқандай ерекшелік немесе өзгешелік жоқ екенін, мамандыққа сәйкес оқу жұмыс бағдарламалары және типтік оқу жоспары жасалынатынына, бұл жерде мамандық пен мамандықтың сәйкес келгеннен кейін мемлекеттік гранттың бөлініп отырғанына сенімдімін. Барлық құжаттарым сол күні қабылданды. Тамыздың 28 күні менің ұялы телефоныма Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясынан телефон шалған, жолсапарыма байланысты телефоным байланыссыз болған соң, әкпем Данаға телефон шалып, № 316 бұйрығы бойынша мамандықтың квалификациялық талап бойынша сәйкес емес екенін тағы да ескертіп, менің гранттан бас тарту хатын жазуымды, ақылы оқуға құжаттарымды тапсыруымды талап еткен. Мен телефон шалып келіспейтінімді айттым, бірақ ПГПИ-дан ауызша ескерту, талап қойылғанмен , ешқандай хат немесе қағаз жүзінде ескерту болған жоқ, тек олар грант бойынша оқуға қабылдамайтындарын классификатор бойынша тілге тиек қыла берді. Менің сіздерден өтінішім: Мемлекеттен бөлінген гранттан бас тартуыма Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қандай құжаттарға сүйеніп отырғанын, олардың менен талап етіп отырған негіздерінің дұрыс немесе дұрыс еместігін, егер де клаcсификатор бойынша қателік кеткен болса, ол үшін кімнің жауап беретінін білгім келеді. Олардың менің құжаттарымды оқу грантына қабылдамауы заңды ма, өйткені конкурс бойынша өтіп тұрған мемлекеттік құжат(грант) мамандық пен мамандықтың, техникалық және кәсіптік, орта білім мамандықтары мен жоғары білім беру мамандықтарына сәйкестікпен беріліп отырған құжат екенін ескерсек, менен гранттан айыруы заңсыз және заң алдында құқығы жоқ деп ойлаймын. Менің өтінішім әділдікпен шешіледі деп ойлаймын.
Жауап
Бұл сұрағыңызды Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, халықаралық ынтымақтастық департаментіне жолдауыңызды өтінеміз

Pages