Баптар

Сұрақ-жауап

1363 сұрақтардан 1241 - 1245 сұрақтар
01 Қараша 2013
Жанель Айтжанова Бақытқызы
Сұрақ
Құрметті Аслан Бәкенұлы! Біз биыл төртінші курс студенттеріміз. Төртінші курс студенттері жылда ВОУД тапсырады. ВОУДты тапсыратын мамандықтар қандай принцип бойынша таңдалады. Неліктен барлық мамандықтар тапсырмайды? ВОУД тапсыратын мамандықтарға семестрлік сабақтарымызды меңгеруге кедергі келтіреді. Басқа факультеттерде былтыр тапсырған мамандықтар биыл тапсырмайды. Біздің факультетте былтыр тапсырған мамандықтар қайтадан тапсырайын деп жатыр. Неге кейбір мамандықтар ВОУДмүлдем тапсырмайды. Естуіміз бойынша оқу орындары өздері белгілі мамандықтардың тізімін береді екен, не үшін министрліктен қадағадаланып, мамандықтарды алмасып тапсыратындай қылып немесе барлық мамандықтар тапсыратындай қылмайды? Біздің мамандық жыл сайын жоғарғы көрсеткіштер көрсетеді, сол себепті жыл сайын тапсыртады. Сол жағын қадағауларыңызды сұранамыз!
Жауап
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында соңғы курс студенттері үшін жүзеге асырылады. ОЖСБ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысандары бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдаланатын болады. ОЖСБ жүргізілетін жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
01 Қараша 2013
магистрант
Сұрақ
Сәлеметсізбе, Мен Өзбекстаннан келген оралманмын, бірақ қазір Қазақстан азаматтығын алдым, мен бакалавр дәрежемді Өзбекстан Республикасында алдым содан 2012 жылы Қазақстан Республикасы Алматы қаласы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетіне магистратураға оқуға түстім, бірақ Өзбекстаннан алган бакалавр дәрежесіндегі дипломымды нострификациядан өткізгенім жоқ. мен 2014 жыл шілде айында магистрлік оқуымды аяқтаймын, СҰРАҒЫМ- бакалавр дәрежесіндегі дипломымды нострификациядан өткеруге тапсыруым керекпа және 2013 жылы нострификация ға қатысты қандай жаңа заңдар шықты және де мен қараша айында нострификацияға тапсырсам оқуым аяқталғанға дейін нострификациядан отіп үлгерема?
Жауап
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 39 бабы 4 тармағына сәйкес, Сіздің Өзбекстан Республикасында бакалавр дәрежесімен берілген дипломыңыз Қазақстан Республикасында нострификация рәсімінен өтеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қарау мерзімі, қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап 4 айды құрайды. Нострификация рәсімінен өту үшін Болон орталығы және академиялық ұтқырлық орталығына мыны мекен-жайға хабарласуыңызға болады: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 16/1, 4-қабат, телефондары: 73-17-44, 73-17-45.
28 Қазан 2013
Үміткер
Сұрақ
Сәлеметсіздер ме! Менің мынадай сұрағым бар еді, шет елде 2012 жылы кандидаттық диссертациямды қорғап, осы жылы өз елімізден нострификациядан өтіп тиісті доктор PhD дипломымды қолға алдым. Енді доценттік атақты алу үшін барлық талаптарды орындап тұрмын, соның ішінде Томсон Рейтерс базасындағы нолдік емес журналдарда мақалалар шықты, ендігі мәселе қазіргі таңда университеттің аға оқытушылық қызметте отырып, доцент міндетін атқарушы лауазымын алмай Сіздерге доценттік атаққа құжаттарымды тапсырсам бола ма? Егер болмаса доцент міндетін атқарушы лауазымында қанша уақыт болу қажет?? Рахмет.
Жауап
Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін диссертация қорғағаннан кейін осы ұйымдағы ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі 3 жылдан кем емес үзіліссіз өтілі, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда 2 жыл еңбек өтілі бар тұлғаларға беріледі.
28 Қазан 2013
Докторант
Сұрақ
Менің қояр сұрағым, докторант ретінде импакт факторы 0,390 ға тең, Томсонға кіретін журналға мақаламды жарыққа шығардым. Ол жерде менен басқа бес адам авторлар құрамында. Сұрағым: Біздің естуімізше, ҚР БжҒМ заңнамасы бойынша осындай импакт факторлы мақала жариялағандарға аұша төленеді екен, сол рас па? Егер рас болса оның талаптары қандай? ҚР БжҒМ заңдарынан, нормативтік құжаттарынан ондай жаңалықты таба алмадық, Мед Университетте солай төленеді екен. Толығымен жауап берулеріңізді өтінеміз.
Жауап
Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ізденушілердің Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялап талаптарды орындағаны үшін ақша төленбейді. Ал, медицина университетінде шетелдік беделді басылымдарда жарияланған мақала үшін ынталандыру мақсатында авторларға ақшалай сыйақы берілген болса ол университеттің өз құзырында.
28 Қазан 2013
Смагулов Б.С.
Сұрақ
Мен Ресей Федерациясында ізденуші ретінде кандидаттық диссертациямды қорғауға ниеттеніп отырмын. Егер кандидаттық дипломымды алсам, Қазақстанда нострификациялауға мүмкіндігім бар ма? Немесе тек қана аспирантураны оқығандар ғана нострификацияланады ма? Әрине, ғылыми мақалаларға қойылатын барлық талаптар орындалған жағдайда.
Жауап
Ғылыми дәрежелер беру ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерінің баламалылығын тану философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми дәрежесін шетелде алған Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру рәсімі үш кезеңнен тұрады: 1) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжаттың түбірін растау; 2) меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының (күндізгі оқу бөлімінде) қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсімдері; 3) диссертациялардың осы Ереженің 5-8 тармақтарына сәйкестігін сараптау.

Pages