Баптар

Сұрақ-жауап

1289 сұрақтардан 1231 - 1235 сұрақтар
26 Сәуір 2013
елубай аиболт досайулы
Сұрақ
ассалаумуалейкумдер меним кояр сурагым Ұбт-ны мектептен тапсыруга болама??? жане мектеп басшылары арыз жазуга куш корсетуде осы дурыспа??? ент-дан кандаи окушылар босатылады ????
Жауап
ҰБТ-ны тапсыруға ерікті негізде жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері жіберіледі. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі - 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. ҰБТ тапсырғысы келмейтін бітіруші аттестат алу үшін мектепте дәстүрлі емтихан тапсырады. Бірақ ол ағымдағы жылы жоғары оқу орнына түсе алмайды. Жоғары оқу орнына түсу үшін келесі жылы кешенді тестілеуге қатыса алады.
23 Сәуір 2013
Ізденуші
Сұрақ
Кайырлы кун! Басқа елден алынған ғылым кандидаты дипломын нострификацияға тапсырған болатынмын, осыған байланысты қазіргі таңда қай сатыда, эксперттік кеңестің құрамында қандай сарапшылар бар деген сұрақтарды қайдан бідуге болады? Рахмет
Жауап
Сіздің сұраққа жауап беру үшін өзіңіз туралы толық мәлімет қажет.
23 Сәуір 2013
докторант Семей
Сұрақ
Саламатсыз ба Мен 3 курс докторантымын менде бірнеше сұрақ бар: 1. Криминологический журнал Байкальского гос университета экономики и права Скопуске кіре ме 2. Біз биыл қорғауға шыққанда неше мақала болу керек? 3. Сіздер бір жауапта Russian journal of Earth sciences Скопуске киреди деп жауап бердиниз бирак тексергенде сиз корсеткен телефон бойынша НЦНТИ кирмейди деп жауап берди осыны аныктап берсеңіз? 4. Шетелдік стажировка ретинде Ресей санала ма, егер шетелдік кеңесші АҚШ-тан болса?
Жауап
1. Криминологиялық журнал туралы ақпаратты Scopus базасынан ғаламтор арқылы табуыңызға немесе осы мәселе бойынша Ұлттық ғылыми-технологиялық ақпараттар орталығынан мәлімет сұрауыңызға болады. 2. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) Комитет ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс. 3. Қазіргі кезде Russian Journal of Earth Sciences журналының Sсopus базасында бар екенін немесе алынып тасталғаны туралы мәліметті Ұлттық ғылыми-технологиялық ақпараттар орталығынан (ҰҒТАО) алуыңызға болады. 4. Бұл сұрақ комитеттің құзырына жатпайды.
23 Сәуір 2013
Жолдасова Манзура
Сұрақ
Сәлеметсіздер де! Мен Жолдасова Манзура 2012 жылдың 24 желтоқсанында 6D050300 – Психология мамандығы бойынша диссертация қорғаған едім. Сіздерге сауалым: аттестациялық істің сарапталу жағдайы қазіргі күні қандай деңгейде? Рахмет!
Жауап
Сіздің аттестациялық ісіңіз Комитетке 2013 жылғы 12 қаңтарда түсті. Ғылыми дәрежелер беру Ережесінің талаптарына сәйкес аттестациялық істің қаралу мерзімі – 4 ай. Казіргі кезде Сіздің аттестациялық ісіңіз сараптау кеңесінің қаралуында.
22 Сәуір 2013
Байжанов Марлан
Сұрақ
Саламатсіздер ма! Мен Философия (PhD) докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру туралы (2012 ж. 11.05, № 614 Комитет бұйрығы) бар, бірақ осы уақытқа дейін әлі дипломмызды алмадық, формасы бекітілмеді деп айтып едіңіздер. Енді осы уакытқа дейін не болды екен соны білейін деп едім.Алдын ала рахмет!
Жауап
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелері дипломдары казіргі кезде Банкноттық фабрикада даярлануда. Дипломдар жазылып толық дайын болғанда Комитеттің сайтында хабарлама болады.

Pages