Баптар

Сұрақ-жауап

1197 сұрақтардан 1176 - 1180 сұрақтар
26 Ақпан 2013
Моминов
Сұрақ
Білім саласын бақылау комитетімнің төрағасы Ырсалиев С. мырзаға. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңының 5-бап 9-тармағына сәйкес Жамбыл облысы бойынша білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ic – шараларының аясында кейбір олқылықтар мен кемшіліктер жайында сізді хабардар етуге тура келіп отыр. 2012 жылдың мамыр - желтоқсан айларында кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 26 қараша - 1 желтоқсан аралығында Сарысу ауданы «Әйтеке би атындағы орта мекгеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне мемлекеттік аттестаттау жүргізу комиссиясының төрағасы Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау Департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бастығы Агибаева Айтжамал Камбаровна бастаған кұрамда комиссия мүшесі «Бекенова Аманкуль - Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындагы орта мектептің мейірбикесі», - деп берілген. Нақтылай келгенде Бекенова Аманкуль бұл мектепте қазіргi танда жумыс істемейді, аггестаттау кезеңінде ол кісі зейнеткер. Оның үстіне ол кісі дәрі-дәрмектердің жарамды - жарамсыздығын тексеріп, (срок годности) заңсыз ic - әрекеттер жасаған. 2012 жылдың мамыр - желтоқсан айларына жасалған кестеге сәйкес ағымдағы жылдын 4-8 желтоқсан аралығында Т.Рысқұлов ауданы «Ш.Уалиханов атындағы орта мектепті аттестаттау» комиссиясының төрағасы Агибаева Айтжамал Камбаровна бастаған құрамға Бекенова Аманкуль зейнеттік демалыста отырсада енген. Осы айтылған келеңсіз жағдай Тараз қаласындағы № 50 орта мектепті аттестаттауда Агибасва Айтжамал Камбаровна бастаған комиссия мүшелерінің ішінде Бекенова Аманкуль енгізілген. 2013 жылдьң 14-19 қаңтар аралығында Тараз қаласындағы № 54 орта мектепті аггестаттау барысында да Бекенова Аманкульдің қатысуы бар. Байзақ ауданы «Н. Ақшабаев атындағы орта мектепті» атгестаттау барысында да Бекенова Аманкуль комиссия құрамында бар. Біздің 6ip айтпағымыз мынау: зейнеткерлер комиссия құрамына қандай негізде енгізілген және барлық аталған оқу орындарын 6ip мейірбике ғана тексеруі шарт па? Осы келеңсіз жағдайлар мен оқылықтардың орын алуы біз ушін үлкен сұрақ? Және білім саласына катысы жок., жоғары дәрежелі дәрігер болмаса да біздерді (мұғалімдерді) аттестаттау комиссиясына қалай еңгізілді? Демек, бұл жерде сыбайлас жемқорлықтың көрінісі. Кімнің туысы, кімнің досы?... Жамбыл облысы бойынша 2012 жылы мемлекеттік аттестациядан өтпей қалған білім мекемелері Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 2013 жылғы мемлекеттік тексеру кестесіне енген. Аталған мекемелер мелекеттік аттестациядан кайта отпей жатып қалайша мелекеттік тексерістен өтеді? Осы жіберілген қателіктердің кесірінен оқу орыны 6 ай ішінде 3рет тексеріске ұшырайды. Бұл деген заңсыз және оқу процесіне кедергі келтірмей ме? Осы аталған тексерістер заңды бекітілген кестесінен Агибаева Айтжамал Камбаровнаның нұсқауымен ауытқып кеткен. Барлық мектептер мен колледждерден осы тексерістерді оң шешіммен қайтару үшін «жоғары отырғандарға»- деп ақша жиналған. Агибаева Айтжамал Камбаровна мемлекеттік қызметкерлерге қатысты мәдениетті сақтамай «Менің барлық жерде үкімім жүреді, ойткені менің жоғарыда «қрышам» мықты. Маған Мырзабеков Бақыттыңда, не Астанадағы Ырысалиев Серіктің де сөзі жүрмейді. Барлық нарсе менім құзырымда мен Шерхан Мұртазаның келінімін ол кісі тұрғанда маған Мырзабеков Б., Ырысалиев кім?»-деп, жүрген жерінде жариялайды» Бұл адамның жүрген жері осындай былық. Осыдан Сарысу ауданындағы бір мектептің бір қаражатын талан-таражға салды, одан кейін, сол ауданда тест орталығын басқарды, ол жақты да оңдырмай, Алматы облысында 5 жыл жасырын жүріп, осы білім саласын сырттай бақылау департаментіне бөлім бастығы болып келуінің өзі үлкен сұрақ? Осы хат Мырзабеков Бақыт Турмахановичке жолданған едік, бірақ оң шешімді жауап ала алмадық. Егер осы авторсыз хаттан кейін нәтиже көрмесек, Премьер министрге, Қазақстан Республикасынын бас прокурорына шағымданамыз. Тараз қаласы К. Моминов. 87789904185
Жауап
Сіздің өтінішіңізде көтерілген деректер Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметін тексеру барысында назарға алынатын болады.
23 Ақпан 2013
Шерехан Ерсултан
Сұрақ
Қазақ инженерлік-техникалық Академияға түсу үшін ҰБТ-ке қатысу міндетті ме?
Жауап
Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
22 Ақпан 2013
Жарова Сара
Сұрақ
Сәлеметсіздерме! Мен 20003 жылы Қазақстан-Ресей университетінің Тараз филиалына түсіп /КРУ/, сырттай оқып, 2008 жылы бітіріп шықтым. Дипломда Современная Гуманитарная Академия г.Москва деп жазылған. Кезінде осы оқу орнына түскен кезде бұл оқу орны Қазақстан-Ресей арасындағы келісім-шарт бойынша жұмыс жасайды. Дипломның тек Қазақстанда ғана емес, Европа елдерінде де жарамды екендігін айтқан.Осы дипломмен мамандығым бойынша 2008ж жұмыс жасап келемін.Осы уақыт ішінде дипломды нострификациядан өткізу керектігін ешкім ескертпеді, өзім білмедім.Менің қоятын сұрақтарым: 1/ СГА дипломын міндетті түрде нострификациядан өткізу қажет пе? 2/ Дипломымның нострификациядан өтпегені үшін ұйым басшысы немесе құқық қорғау органдары мені жұмыстан шығара алады ма? 3/ осы уақытқа дейін алған жалақымды айыппұл ретінде мемлекетке қайтаруға құқылары бар ма? Өтінемін, жауап беріңізші. Рахмет!
Жауап
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (39 бап), сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес, шетел білім ұйымдарының (олардың филиалдары) берген білім туралы құжаттардың барлығы тану/нострификациялау (баламалығын белгілеу) рәсімінен өтуі қажет. Жоғарыда аталған рәсімді жүзеге асыру үшін Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына (БПАҰО- бұдан әрі) құжаттарыңызды тапсыру қажет. БПАҰО-ның мекен жайы: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 16/1, 4 қабат, телефондары: 8(7172) 731743, 8(7172) 731744. Білім туралы құжаттарды нострификациялау және оны тану рәсіміне қатысты қосымша ақпарат ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің ресми сайты (www.educontrol.kz) мен БПАҰО-тың сайтында (www.naric-Kazahstan.kz) берілген.
19 Ақпан 2013
Адыров Нурман
Сұрақ
Салематсызба! Өткен жылдың соңында Комитет Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесіне ұсыныстар сұрағанды. Ғылыми атақтар беруге өзгеріс туралы қосымша бұйрық қашан шығады?
Жауап
«Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі» Білім және ғылым Министрінің 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар Комитетте қарастырылуда.
16 Ақпан 2013
talgat
Сұрақ
Саламатсыздар ма. 2012 жылғы ҰБТ-ден 3 пәннен 2-лік баға алған, аттестат орнына анықтама алған оқушы жоғары оқу орнына түсе алады ма? Ондай оқиға орын алған болса, қандай жауапкершілігі бар осы оқушыны оқуға қабылдаған ЖОО-нына?
Жауап
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының» 4-т. сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты, аттестат орнына анықтама алған оқушы жоғары оқу орнына қабылданбайды. Ал, белгіленген үлгідегі анықтама алған оқушыны жоғары оқу орнына қабылдаған жағдайда сол жоғары оқу орны әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Pages