Баптар

Персоналды басқару қызметі туралы ЕРЕЖЕ

Құрылған:16.02.2016, 16:23   |   Жаңартылған:25.10.2016, 11:56

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің  

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) (бұдан әрі - Персоналды басқару қызметі) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Министрдің және министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

2. Персоналды басқару қызметінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

3. Персоналды басқару қызметінің міндеті: Комитеттің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

1) Комитеттің персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) Комитеттің кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

4. Персоналды басқару қызметінің міндеті – Комитеттің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Комитетте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) Комитеттің кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету;

3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

5) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды  жүргізуді ұйымдастыру.

5. Персоналды басқару қызметінің міндеті – Комитетте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Функциялары:

1) Комитетте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, Комитеттің актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

6. Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Персоналды басқару қызметіне оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

7. Персоналды басқару қызметі Заңға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

8. Персоналды басқару қызметі:

1) оған Заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.

 

3. Персоналды басқару қызметінің қызметін ұйымдастыру

 

9. Персоналды басқару қызметі Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық дербес, Комитеттің төрағасына тікелей бағынады.