ОЖСБ

ОЖСБ

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ары қарай - ОЖСБ) 2012 жылы енгізілген.

Орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ оқушылардың негізгі орта білімнен кейін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау және білім беру қызметі сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13287 болып тіркелді

«2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрыққа сәйкес ағымдағы жылы 9-14 қараша аралығында  46 ЖОО-да 5 лекте ОЖСБ өткізілді.