Жаңалықтар

Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы 13 ақпан сағат 10:00-де «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары

Құрылған:14.02.2018, 15:16   |   Жаңартылған:14.02.2018, 15:16
14.02.2018

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы 13 ақпан сағат 10:00-де «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2018 жылға арналған міндеттері туралы» тақырыбында кеңейтілген Алқа отырысының «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында секциясы өткізілді.

Секция отырысында Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Білім саласындағы бақылау департаменттерінің басшылары және аумақтық департаменттердің қызметкерлері, Балалар құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылардың алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің басшысы Муксимов С.С., «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы жанындағы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасыл экономика комитетінің мүшесі Әбенов М.А., Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ешенқұлов Т.І., Мектепке дейінгі және орта білім департаменті басшысың орынбасары Мақсұтова З.Ә. баяндама жасады. 

М. Әбенов өз баяндамасында білім беру саласындағы реформалардың ашықтығы, халыққа жариялануы және оған қоғамның қатысуы осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажетті шарттары екенін атап өтті. Мұрат Әбенов қоғам қайраткері ретінде Білім және ғылым министрлігі өткізіп жатқан реформаларды қолдауға және табысты іске асыру үшін жәрдем көрсетуге дайын екенін атап айтты.

 

 

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі