Жаңалықтар

ҚР БҒМ БҒСБК және Бангкоктағы ЮНЕСКО-ның арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаны туралы

Құрылған:08.04.2016, 10:29   |   Жаңартылған:08.04.2016, 10:31
08.04.2016

2016 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және Бангкоктағы ЮНЕСКО-ның арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ғылыми жобалардың, ғылыми жұмыстардың, ғылыми басылымдардың, технологияны коммерцияландыру, плагиат фактілерінің сараптамасы шеңберінде қайшылықтар мүдделерінің өсу тәуекелділігін есепке ала отырып, 2015 жылы республикады алқалық орган – Ғылым мен технологияның этикасы жөніндегі кеңесті құру бойынша жұмысты бастады.

Ұлттық этикалық комиссияны құруда және өзара қызметінде ЮНЕСКО-ның тәжірибесі Қазақстан үшін өте көрнекті. Бірігіп күш салудың нәтижесінде 2016 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және Бангкоктағы ЮНЕСКО-ның арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ғылыми этика мәселелерін жетілдіруге және ғылыми зерттеулерді жауапты жүргізуге бағытталған, Жақтар арасында ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынасты орнату қол қойылған Меморандумның мәні болып табылады.

Меморандумның шеңберінде семинарлар, тренингтер, конференциялар, бизнес-форум және басқа да іс-шаралар арқылы ғылыми этика мен ғылыми зерттеулерді жауапты жүргізу шеңберінде тәжірибе және білімдермен алмасу жүргізілетін болады.

ЮНЕСКО-мен өзара қатынас академиялық және ғылыми ортада үлкен ағартушылық жұмыстың векторы болады, сонымен бірге ҚР-да ғылыми этиканың негізгі мәселелерін, Ғалымдар кодексін, Жарияланымдар этикасы жөніндегі кодексті әзірлеу, этикалық білім беру мен ғылыми этика саласында жалпы саясатты енгізу бойынша ұсыныстарды анықтауға және талқылауды бастауға, ҚР-да ғылым мен технологияның этикасы жөніндегі алқалық органның құрылуына көмектеседі.