Жаңалықтар

Көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Сіздер бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер.

Құрылған:06.03.2018, 17:20   |   Жаңартылған:06.03.2018, 17:20
06.03.2018

Көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!



Сіздер бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.



Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге ризашылығымды білдіремін.



Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, махаббат пен әсемдік тілеймін.