Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ мемлекеттік қызметкерлер арасында әкімшілік мемлекеттік ваканттық қызметке ішкі конкурс жари

Құрылған:28.09.2018, 15:03   |   Жаңартылған:28.09.2018, 15:03
28.09.2018

 

Ішкі конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

С-О-4 санаты үшін:

      жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4,     C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3,              E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы;**

      9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109898

148301

         

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің  Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті (әрі қарай-Департамент), 060002, Атырау қаласы, Азаттық  даңғылы,  1 үй, 4-ші қабат, анықтама үшін телефоны: 8(7122)-30-73-12,                                                           e-mail: dkso_atyrau@mail.ru,   Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері арасында  Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

 

Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы, санаты  С-О-4

 

Функционалдық міндеттері: Білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; өз құзыреті шегінде білім беру қызметін көрсетуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; бөлім құзыретіне кіретін функциялар мен міндеттерге сәйкес  Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, оның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу, білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау рәсімдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіп негізінде және онымен қатаң  сәйкестікте меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік  құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу; Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен белгіленген  талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша өкілеттіктерді уақытылы және толық орындау; Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған  баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасақтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарын қалыптастыру және оларды белгіленген мерзімде сот органдарына тапсыруды қамтамасыз ету, Департамент атынан сот процестеріне қатысу; Мемлекеттік бақылаудың іс-шарасының нәтижесінде Департаменттің бұйрықтар жобасын, білім беру саласында заңнама бұзушылықтарын алдын-алуда нұсқамалар және рұқсаттар мен хабарламалар, ұйғарымдар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар жасақтау; жоғарғы оқу орындарында бақылау іс-шаралар қорытындылары бойынша материалдарды жүйелендіру жұмыстарына қатысу; өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында  талаптарды сақтауын  тексеруді жүзеге асырады; Білім  беру ұйымдарына білім беру процесін құру бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету; білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу; оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; мектептердегі байқау кеңестеріне, сондай-ақ аумақтық органдардың метептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, балалар жанындағы қамқоршылық кеңестерге байқаушы ретінде қатысу; білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; «Е-лицензиялау» саласында жұмыстарды және білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асырылуын басшылыққа алу және бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасына, сонымен бірге Комитеттің және Департаменттің  өкімдері мен бұйрықтарына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, құқық, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметпен айналысуға конкурс өткізу  Ережесінің  2 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Үміткерлермен әңгімелесу үміткерлерді әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Департаменттің ғимаратында, Атырау қаласы, Азаттық  даңғылы, 1, 4 қабат мекен-жайында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

Нысан

                                                                                                     __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені_________________________________________________________________

____________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Мекенжайы және байланыс телефоны____________________________________

 ____________________________________________________________________________ 

   

 

 

   ________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

 

  «___»_______________ 20 __ ж.