Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі келесі

Құрылған:11.08.2016, 20:46   |   Жаңартылған:11.08.2016, 21:04
11.08.2016

уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға ішкі конкурс жариялайды (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2019 жылдың 14 сәуіріне дейін)

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде.

Қажетті құжаттардың тізбесі: 1) өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік  тізім.

Конкурс өтетін мекен-жайы: 040000, Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 27, тел: 8/7282/401234 almobldkso@mail.ru

 

2) Әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің бас маманы (02-1-2) С-O-5, 1 бірлік

1. Жалақысы : Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 83282 теңгеден 112431  теңгеге дейін.

2. Лауазымдық міндеттері :

Қаржыландыру, есептеу және есеп беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін жүргізеді; қаржыландыру жоспарын орындау бойынша жинақтық бухгалтерлік есепті дайындайды.

Бухгалтерлік есептер бойынша департаменттің қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізеді; мемлекеттік сатып алуға қатысады; қызмет түрлерін көрсетудің, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының орындалуын бақылайды.

Бюджеттік бағдарламаны орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; тауар, қызмет көрсету мерзімдерін есепке ала отырып, төлемдер бойынша жылдық соммаларды айларға тарату жұмыстарын жүргізеді; жалақыны есептейді, қызметкерлер мен штаттан тыс қызметкерлерге іссапар ақысын есептейді; бюджетке төлемдер аударады; сауықтыру, демалысқа шығу, қаржылық қызмет көрсету, денсаулық парағына  сәйкес төлемдерін орындайды.

Банк және қазынашылық арқылы қаржы операцияларды жүргізеді; аванстық есептерді орындайды, қаржы жоспарын орындау бойынша айлық есептерді дайындайды; тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептерді дайындап, белгіленген мерзімде ұсынады.

3. Білімі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі, кәсіби біліктілігі:

- Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит)

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

- мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

- жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

4. Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

5. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

6. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

7. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

8. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.