Жаңалықтар

Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның отырысы туралы

Құрылған:05.05.2016, 11:42   |   Жаңартылған:05.05.2016, 11:42
05.05.2016

2016 жылғы 20 сәуірдегі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) кезекті отырысы өтті.

Комиссияның отырысында 23 білім беру ұйымдарының 49 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша лицензиялауға ұсынған өтініштері мен материалдары қарастырылды.

Комиссия

  • «Казахстанский медицинский университет «ВШОЗ» ЖШС-қа білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және  6М110100-Медицина магистратура мамандығы бойынша;
  • М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетіне 5В090600-Мәдени-тынығу жұмысы бакалавриат мамандығы бойынша;
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрiк халықаралық университетiне 6R114200-Педиатрия резидентура мамандығы бойынша;
  • Инновациялық Еуразия университетіне 6М030100-Құқықтану магистратура мамандығы бойынша;
  • Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтына 6R112600-Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар  анестезиологиясы және реаниматологиясы резидентура  мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымшалар беруді ұсынды.

Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 44 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа мамандықтары бойынша білім беруге  лицензияға қосымшалар беруден бас тартылды.