Жаңалықтар

Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның отырысы туралы

Құрылған:04.03.2016, 11:48   |   Жаңартылған:04.03.2016, 11:48
04.03.2016

2016 жылғы 29 ақпандағы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) кезекті отырысы өтті.

Комиссияның отырысында 12 білім беру ұйымдарының 20 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша лицензия алуға ұсынған өтініштері мен материалдары қарастырылды.

Комиссия Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне лицензия және  5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті  бакалавриат мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымша беруді ұсынды.

Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 19 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа мамандықтары бойынша білім беруге  лицензия (лицензияға қосымшалар) беруден бас тартылды.