Жаңалықтар

«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

Құрылған:12.04.2017, 12:14   |   Жаңартылған:19.04.2017, 12:19
12.04.2017

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі (020000 индексі,  Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі 24, анықтама үшін телефон: 8 (7162) 31-56-93, 72-14-67, электрондық мекенжай akmola_control@mail.ru), «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты  (№02-8), 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына  қарай 74 954 теңгеден 101 604 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі тәртібімен меншік нысандары мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің; арнай және мамандырылған білім берудің; балаларға арналған қосымша білім берудің; балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылауды іске асыру; әдіснамалық құжат жобалары мен нормативті құқықтық актілер әзірлеуге қатысу; Департамент қызметінде заңдылықтарды қадағалауды қамтамасыз ету; есеп беру мен ұқсас материалдарды дайындау; Департамент қызметін жетілдіру мен бағыттаушы сұрақтар бойынша әдістемелік-нұсқаулық құжаттар әзірлеу; білім беру орындарын мемлекеттік аттестаттау мен қызметтерінің лицензиялауына қатысу; білім беру орындарында мемлекеттік аттестаттау және тексеру материалының анализін жүргізу; әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жобасын құру; білім беру саласында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы құқық қолдану тәжірибесі сұрақтары бойынша білім беру орындарының қызметкерлеріне кеңес беру; негізгі міндеттерді шешу бойыша тапсырманы сапалы және уақытында орындауды қамтамасыз ету; жұмысты жоспарлап, ұйымдастыра білу, ынталылық, жауапкершілік, атқарушылық, қабілеттерінің болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; білім саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің               2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің әкімшілік және қаржы жұмыстары бөліміне жүгіну қажет.

            Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің және уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады