Жаңалықтар

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс өткізеді

Құрылған:12.04.2017, 12:11   |   Жаңартылған:19.04.2017, 12:20
12.04.2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті, 020000, Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі 24, анықтама үшін телефон: 8 (7162) 31-56-93, 72-14-67, электрондық мекенжай: akmola_control@mail.ru, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің  бас маманы, С-О-5 санаты  (№02-2), 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай  83282 теңгеден 112431  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі тәртібімен меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің; арнайы және мамандырылған білім берудің; балаларға арналған қосымша білім берудің; балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылауды іске асыру; әдіснамалық құжат жобалары мен нормативті құқықтық актілер әзірлеу және жетілдіру Департамент қызметінде заңдылықтарды қадағалауды қамтамасыз ету; есеп беру мен ұқсас материалдарды дайындау; Департамент қызметін жетілдіру мен бағыттаушы сұрақтар бойынша әдістемелік –нұсқаулық құжаттар әзірлеу; білім беру орындарын мемлекеттік аттестаттау мен қызметтерінің лицензиялауына қатысу; білім беру орындарында мемлекеттік аттестаттау және тексеру материалының анализін жүргізу; әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама құрады; сотқа әкімшілік істерді жібереді және дайындайды; сот процессіне қатысады; білім беру саласында ҚР-ның заңнамасындағы құқық қолдану тәжірибесі сұрақтары бойынша білім беру орындарының қызметкерлеріне кеңес беру; негізгі міндеттерді шешу бойынша тапсырманы сапалы және уақытында орындауды қамтамсыз ету; жұмысты жоспарлап, ұйымдастыра білу, ынталылық, жауапкершілік, атқарушылық қабілеттерінің болуы; компьютерде жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; құқық  саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;              3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің                        2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Әкімшілік және қаржы жұмыстары бөліміне жүгіну қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.

Құжаттар Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің және уәкілетті органның сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.