Жаңалықтар

«Атамекен» ҚР ҰКП Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша қазіргі уақыттағы еңбек нарығының реалиясына, ұйымдар мен кәсіпорындардың талаптарына сәйкестігіне ЖОО-лардың 2000 білім беру бағдарламасын (бакалавриат деңгейі) бағалау жұмысын жалғастыр

Құрылған:24.07.2018, 18:04   |   Жаңартылған:24.07.2018, 18:04
24.07.2018

«Атамекен» ҚР ҰКП Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша қазіргі уақыттағы еңбек нарығының реалиясына, ұйымдар мен кәсіпорындардың талаптарына сәйкестігіне ЖОО-лардың 2000 білім беру бағдарламасын (бакалавриат деңгейі) бағалау жұмысын жалғастыруда.

Ағымдағы жылғы 23 шілдеде БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте 33 мамандық бойынша 784 білім беру бағдарламаларын бағалау нәтижесі бойынша Қазақстанның 114 жоғары оқу орындарының рейтингісі жасалынып презентацияланды. Білім беру бағдарламаларын бағалау критерийлерінің бірі жұмыспен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа жалақы мөлшері болып табылады. Рейтинг құрастыру кезіндегі маңызды құрал - өткен жылғы түлектердің сауалнамасы болды.

Білім беру бағдарламаларын бағалау қорытындысы талапкерлерге және жұмыс берушілерге мамандықтарды да еңбек нарығындағы сұранысқа жауап беретін білім беру қызметтерін ұсынатын ЖОО-ны да таңдауға мүмкіндік береді.»