Жаңалықтар

2018 жылғы 16 мамырда Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттерінің басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте Департаменттер жұмыстарының нәтижелері бойынша келесі сұрақтар қаралды

Құрылған:16.05.2018, 17:11   |   Жаңартылған:16.05.2018, 17:11
16.05.2018

2018 жылғы 16 мамырда Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті аумақтық  білім саласындағы бақылау департаменттерінің (бұдан әрі - Департаменттер) басшыларымен кеңес өткізді.

Кеңесте Департаменттер жұмыстарының нәтижелері бойынша келесі сұрақтар қаралды:

- өңірлерде жұртшылық арасындағы білім саласындағы реформаларға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- орта білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңестердің қызметі;

- білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізу;

-«Білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсету.

Кеңес қорытындысы бойынша әрі қарай жұмыс істеудің басым бағыттары анықталды.