Жаңалықтар

2017 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден 94 578 адам өтті.

Құрылған:25.01.2018, 11:49   |   Жаңартылған:25.01.2018, 11:49
25.01.2018

2017 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден 94 578 адам өтті. Тестіленушілер арасында қағаз форматтағы (компьютерлік тестілеу – 19 296 адам) қатысушылардың негізгі бөлігін 29 458 (39,1%) – бюджеттік сала қызметкерлері, 22 837 (30,4%) – мемлекеттік қызметшілер, 12 484 (16,6%) –  әскери сала қызметкерлері, 9 438 (12,5%) – мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері, 515 (0,7%) – «Болашақ» стипендиясына үміткерлер және 550 (0,7%) басқа саланың қызметшілері құрады.

2017 жылдың 2 қаңтарынан 28 желтоқсанына дейін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау және бағалау ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қатысқан мемлекеттік қызметшілер саны 29 458 адамды құрады. Тестілеу қорытындысы бойынша В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері үлесі – 48%; С1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлерінің үлесі – 1,03%. 

2017 жылғы тестілеуден Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігін, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың барлығы өтті.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау тестілеуіне қатысушылардың саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 846 адамға артты. Ағымдағы жылы әлеуметтік топтар арасында қатысушылардың контингенті кеңейе түсті.